- Advertisement -

Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасына ЭКСПО аумағына кіру құны қосылуы мүмкін

79

- Advertisement -

20130726185120Бүгінгі таңда «ЭКСПО-2017» компаниясы Қазақстан Темір жолы компаниясымен бірлесе отырып, Инвестициялар жəне даму министрлігі теміржол билетінің бағасына ЭКСПО аумағына кіру құнын қосу мəселесін  талқылауда. Бұл туралы бүгін «ЭКСПО-2017 — жаңа туристік мүмкіндіктер» атты тəжірибелік конференция барысында инвестициялар жəне даму вице-министрі Рақым Ошақбаев мəлім етті.

«2017  жыл жақындаған сайын, осындай шаралардың маңызы арта береді. Əрине, ЭКСПО көрмесінен көп үміт күтеміз. Астана дамудың жаңа белесіне аяқ басатыны белгілі. Дегенмен, Астана ғана емес, Қазақстанның барлық өңірлері, жалпы, еліміздің туристік инфрақұрылымы түгел көркеюі керек. Сондықтан, ЭКСПО көрмесіне қатысты министрліктің дайындығы туралы қысқаша ақпарат беруге рұқсат етіңіздер. Министрлік алдында бірнеше міндет тұр.  Сол міндеттің бірі  — ЭКСПО көрмесіне дайындық аясында көлік инфрақұрылымын дамыту. Өздеріңіз білесіздер, көлік қолжетімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары əзірленгені белгілі. Жоспарға сай, жүрдек маршруттарды іске қосу, теміржол вокзалдарының қызметкерлеріне ағылшын тілін үйрету де көзделіп отыр. Бүгінгі таңда «ЭКСПО-2017″ компаниясы жəне Қазақстан Темір Жолы компаниясымен бірлесе отырып, теміржол билетінің бағасына ЭКСПО аумағына кіру құнын қосу мəселесі талқыланып жатыр», — деп хабарлады.

Сондай-ақ, Р.Ошақбаевтың хабарлауынша, «Air Astana» компаниясы көрменің ресми əуе тасымалдаушысы статусына ие болғандықтан,   компанияның халықаралық авиабилеттерінің бағасына ЭКСПО аумағына кіру бағасы қосылады деген уағдаластық бар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support