- Advertisement -

«Қайта тірілу» үшін миын қатыртып кетті

108

- Advertisement -

Қытайдың жазушы әйелі Ду Хун өлерінің алдында миын қатыртып тастауға өсиет етіпті. Бұл туралы ras.kz порталы GB Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Айықпас ауруға ұшыраған әйел миын қатыртып, оны сұйық азотқа салып қойдыруға ұйғарым жасапты. Ол ғалымдардың 50 жылдан кейін криоконсервация жасалған адамдарды тірілтіп алатынына үміттенеді. Бұл процедура марқұмның отбасы үшін 120 мың доллар ақшаға түсіпті. Жазушының балалары аналарының соңғы тілегін орындау үшін оның пәтерін сатыпты. Ду Хун Қытайда криоконсервация процедурасынан өтуге шешім қабылдаған бірінші адам болды. «Анамның миы Бейжиңде сұйық азотқа салынды, сосын сақтау үшін АҚШ-қа жіберілді», – деді жазушының қызы, гендік және жасушалық инженерия маманы Чжан Сыяо. Егер жақындарының қолдары қойылған тиісті құжаттары болса, басты алып, денеден ажыратып, сұйық азотқа салу қылмыс болып саналмайды. Күрделі операцияны Американың өмірді ұзарту жөніндегі «Алькор» қоры жүргізді. Өлерінен сәл бұрын Ду Хун мамандардың ешқашан адамдары тірілте алмаулары мүмкін екенін де мойындады. Соған қарамастан, ол өзінің денесін тәжірибе үшін беру тілегінен бас тартқан жоқ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support