- Advertisement -

Халықаралық конференция өтуде

100

- Advertisement -

Ұлт рухын асқақтатын ұлы мерекелердің бірі – Қазақ хандығы­ның 550 жылдық мерейтойы жақындаған сайын өңірі­мізде үлкен тойға арналған шара­лар легі толастар емес. Күні бүгінге дейін тарихпен тамырлас мерей­тойға арналып, жетпіске жуық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйым­дас­тырылғаны сөзімізге айқын дәлел.

Тоқтаусыз іс-шаралар легі «Қазақ хандығы мыңжылдықтар тоғысында: тарихи сабақтастық және қазіргі кезең» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен толықты. Қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың бас ғимаратында ұйымдастырылған жиынға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Уәлихан Бишімбаев, Оразкүл Асанғазина, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков, Пекин университеті, археология және мұражайтану институтының профессоры Лин Мэйцунь және өзгелер қатысып, құнды баяндамалар жасады. Конференция жұмысы бүгін түйінделеді. Бұл жөнінде толығырақ газетіміздің келесі санынан оқисыздар.

Табиғат Абаилдаев, 
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support