- Advertisement -

Мәдениет қызметкерлерінің мерейі

93

- Advertisement -

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыстық орталықтандырылған Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханада өткен салтанатты жиында облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев барша әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, елеулі еңбегі ескерілген бір топ азаматқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тақты.
Салтанатты жиын барысында Жамбыл облысының Құрмет Грамотасымен облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев марапатталса, тағы үш мәдениет қызметкері «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Құрмет грамотасын иеленді.
Сондай-ақ, осы күні он азаматқа Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеровтің және екі азаматқа қалалық мәслихаттың Алғыс хаттары табыс етіліп, сый-сияпат жасалды. Салтанатты жиын соңы «Баласағұн» орталық концерт залында облыстық филармонияның мерекелік бағдарламасына ұласты. Онда да бірқатар өнер азаматтары марапаттарға ие болды.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support