Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Сыңғырла, соңғы қоңырау!
ашық дереккөз
Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Биыл облыс мектептерін 8879 оқушы бітіреді

25 мамыр – мектеп бітірушілердің ерекше толқынысты сәттерді бастан кешіретін аяулы күні. Өйткені, «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» алтын ұя – мектебінің орны бөлек. Қабырғасынан қанат қағып, түлеп ұшқаннан кейін қай қиырда жүрсе де көкірегінен кетпейтін қымбат мекен ол. Биылғы бітірушілер үшін де қоңыраудың соңғы рет соғылар сәті келді. Ол дүйсенбі күні болады. Биыл облысымыздағы жалпы білім беретін орта мектептерді 8879 оқушы бітірмек. Олардың 6003-і, яғни 67,6 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Оның ішінде 235-і «Алтын белгіге», 68-і үздік аттестатқа үміткер ретінде тіркелген. Талап пен білімді қатар ұштағандардың бұл жауапты сыннан да сүрінбей өтіп, таңдаған мамандықтарына сай білімдерін одан әрі жетілдіріп, армандарына жететіндеріне бек сенімдіміз. Үлкен өмірге жолдама алып, арманға қанат қаққандарға тура жол сілтеп сыңғырла, соңғы қоңырау!

Ұқсас жаңалықтар