- Advertisement -

ЖІБЕКТЕЙ ЕСІЛМЕГЕН ЖОЛ

100

- Advertisement -

Жазушы С. Плехановтың ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаев жайлы кітабы жарық көрді

Ресей сыртқы істер министрлігінің Мәскеудегі дербес Қабылдау үйінде мәскеулік жазушы Сергей Плехановтың Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен ұзақ жылғы қызметтегі жолына арналған көркем шығармасы – «Жібектей есілмеген жол» («Не шелковый путь») атты кітабының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараны ашып, кітапты көпшілікке Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың өзі таныстырды.
«Тарихтың ең шұғыл бетбұрыс сәтінде, КСРО құлаған уақытта ол тайсалмастан елінің болашақ тағдыры үшін барлық жауапкершілікті өзіне алып, ақылға салып ойластырылған стратегия ұсынды. Осылайша, Қазақстанда бейбітшілік пен келісім нығая түсіп, қарқынды экономиканың негізі қаланды», – деді ресейлік дипломатия басшысы кітап кейіпкері жайлы.
Тұсаукесер рәсіміне сондай-ақ, еліміздің Ресейдегі елшісі Марат Тәжин, «Назарбаев орталығы» көпсалалы ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев, Ресей Жазушылар одағы Мәскеу қалалық басқармасының төрағасы, Жазушылардың халықаралық қауымдастығы атқару комитетінің бірінші хатшысы Владимир Бояринов, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий, КСРО-ның халық әртісі Армен Джигарханян, Әзірбайжан КСР-інің халық әртісі, аталған республиканың Ресейдегі елшісі Полад Бюльбюльоғлы, белгілі саясаттанушы Максим Шевченко және тағы басқалар да қатысып, Нұрсұлтан Назарбаев жөнінде және «Жібектей есілмеген жол» кітабына қатысты өз ойларын ортаға салды. Олар Елбасына арналған бұл үлкен еңбекті қалың оқырман зор ықыласпен оқитынына сенетіндерін жеткізді.
Сергей Плеханов «Әлем көшбасшылары» айдарымен туындылар жазып жүр.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support