- Advertisement -

Үмітімді үзбеймін

173

- Advertisement -

Көзде – тұман, ашылмайды, кетпейді,
Жанарыма жарық сәуле жетпейді.
«Неге бұлай?» десем, таныс дәрігер:
«Жазылады, – дейді, – ештеңе етпейді».

Қайран көзім, тұратұғын мөлдіреп,
Тез ашыл да, өміріме бол тірек!
Сен көрмесең – менің күнім не болар,
Басамын ғой жүріп әлі жолды көп.

Өмірден бұл алар әлі көп еншім,
Тағдыр шіркін аямайды-ақ екен шын.
Сенен, көзім, үмітімді үзбеймін,
Өшіп-жанған шырақтай жарқ етерсің!

*   *   *
Көзді шырақ демей ме!
Көз жеткізер мерейге.
Бірақ, оны пендең бұл
Көзі аманда елей ме?!

Әудем жер жүру болар мұң,
Көрмесең жарық дүниені.
Соқырға әлем қараңғы,
Осыған жаным күйінеді!

Қадірін жаста білмедім,
Бұған да көңілім алаң ба?
Бақытты болып жүргенің
Екі көзің аманда!

Манан ОСПАНҰЛЫ,  
зейнеткер.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support