«Жеті қазына» туралы

«Жеті қазына» туралы
ашық дереккөз
«Жеті қазына» туралы

«Ақ жол» газетінің 28 ақпанындағы санында «Сіз қалай ойлайсыз? «Жеті» санында қасиет бар ма?» деген жазбаларыңызды оқыдым да, өзімнің ойымды білдіргім келді. Жазбада Кеңес Нұридиев «Жеті қазына» деп «1. Жол, 2. Қазан, 3. Диірмен, 4. Қақпан, 5. Ит, 6. Мылтық, 7. Той» деп атап көрсетіпті. Бұл пікірге мен келіспеймін. Осыған байланысты 2008 жылы Алматыда шыққан «Атамекен-Ай» журналында «Жеті қазына» туралы түсінік» деген мақаласында қарт журналист Үсенбай Тастанбеков: «Қазына» – мол байлық. Ол – адамды, бүкіл елді асырауға, олардың күн көрісіне, тіршілік етуіне мол жететін, әрі ешқашан таусылмайтын орасан зор байлық. Сондықтан ол қазына болып табылады. Енді шын мәнінде «Жеті қазына» дегенге не жатады? Соны баяндап көрейік. Атам заманнан бері ата-бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа айтып, құлағына құйып келе жатқан қасиетті «Жеті қазынаға» Алла тағаланың өзі жаратқан, адамзатқа несібе етіп берген, ешқашан таусылмайтын мол дүниелерді жатқызған. Олар: 1.Жер, 2.Су, Төрт түлік мал: 3.Түйе, 4. Жылқы, 5. Сиыр, 6. Қой, 7. Ит» деп жазылыпты. Мен де  осы пікірге қосыламын. Себебі, Алла тағаланың өзі белгілеп берген «Жеті қазынаға» талас тудырғанымыз жөн болмас. Осындай жалпыхалыққа арналған танымдарда ақылға салып ойланып барып, шешім қабылдағанымыз жөн болар.

Амангелді Сексенбаев, зейнеткер.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар