- Advertisement -

Қордайда өнеркәсіп өркендеп келеді

20

- Advertisement -

Облысымыздағы халық ең тығыз орналасқан аудан Қордайда өнеркәсіп өрлеп келеді. Ауданда 4,9 миллиард теңгені құраған өнеркәсіп саласының индекс көлемі 100,8 пайызға орындалған. Ал, инвестиция 11,9 миллиард теңгені, құрылыс көлемі 1,3 миллиард, бөлшек сауда айналымының көлемі 9,3 миллиард, көтерме сауда айналымының көлемі 2,7 миллиард, ауыл шаруашылығы 8,4 миллиард теңгені құраған. Жалпы, аудан бойынша 12,3 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілген. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қордай ауданының дамуы жөнінде мәлімдеген аудан әкімі Бегзат Болатбеков өткен жылы тұрғындардың қолданысына мемлекет тарапынан аудандық мұрағат, халыққа қызмет көрсету орталығы, Ауқатты мен Қарасу ауылдарында спорт кешені, Қарасу мен Бетқайнарда Мәдениет үйі, Сұлутөр мен Аңырақайда медициналық нысандар берілгенін айтты. Сондай-ақ, Ноғайбай мен Қарасу ауылында 2 ауыз су құбырының құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілген.

– Өткен жылы ауданда 51,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ноғайбай, Сарыбастау, Шарбақты елді мекендерінде жалпы 52,6 шақырым газ құбыры салынып, 2 520 тұрғын, 614 аула газбен қамтамасыз етілді. Аудандағы 41 елді мекеннің 37-сі газбен қамтылған. Қазіргі таңда 3 елді мекенге магистралды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Қарасай, Еңбек ауылдары мамыр айының соңына дейін, ал Керу ауылында шілде айында аяқталу жоспарлануда. Сондай-ақ, Гвардейск қалашығын газбен жабдықтау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Ал, Бәйтерек, Бел, Мұзбел, Аңырақай ауылдары бойынша сметалық құжаттамалары дайындалып жатыр. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін ауданның барлық елді мекендері 100 пайыз табиғи газбен қамтылмақ. Мемлекет тарапынан аудан тұрғындарының пайдалануына жалпы 240 пәтер қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін қосымша 236 пәтердің кілті тапсырылатын болады. Сонымен қатар, «Асар» жобасы аясында 15 тұрғын үй демеушілер тарапынан ауданның мұқтаж отбасыларына салынып, қолданысқа берілді. Жер мәселесіне тоқталсақ, игерілмеген жерлерді қайтару бойынша 2023 жылы 15 000 гектар жоспарланып, 15 064 гектар мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Биыл облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы тарапынан аудан бойынша 6000 гектар бекітілген, қазіргі күнге 590 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді, – деді Бегзат Сейсенқұлұлы.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға Қордай ауданына 95 азаматқа жалпы көлемі 140,3 миллион теңге бөлінген. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 5 ауылдық округте 411 тұрғынға 2,5 пайызбен 2,3 миллиард теңге несие беру жоспарланған. Бүгінгі күнге 303 тұрғын жалпы 1,8 миллиард теңге несие алып, жұмыс бастаған.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support