- Advertisement -

Ащыбұлақ ауылында ағаш көшеттері отырғызылды

15

- Advertisement -

Республика бойынша «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы аясында Жамбыл ауданында «Жасыл аймақ» апталығы өтуде.

Апталық аясында бүгін «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Ащыбұлақ ауылы тұрғындарымен бірлесіп, ауылға ағаш отырғызылды. Көшет егу, талдарды бұтау, ағаштарды әктеп, түптерін қопсыту жұмыстарына тұрғындар барынша белсенділік танытты. Дәл осындай шаралар ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде жалғасын тапты.

«Жасыл белдеу» өңірлік жоспарына сәйкес,  биыл аудан аумағында 17 гектар жер учаскесіне 20 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу көзделген. Оның ішінде 14 100 түп қарағаш, 4 700 түп терек, 500 түп ясень (ерен) талы, 200 түп туя көшеті егілмек.

Сонымен қатар Аса ауылындағы орталық алаң аумағында және ауданға қарасты 42 елді мекенде 14 444 түп бір жылдық шырайгүл (петуня) гүл көшеттерін отырғызу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігері анықталып, сол бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support