- Advertisement -

Бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді

13

- Advertisement -

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидаттарына негізделеді.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Осы орайда, Департамент тарапынанмемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Мәселен ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 11 тексеру жүргізілді, оның ішінде 6-ыбақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және 5жоспардан тыс тексерулер.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 269фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 8 нұсқама және 2 ұсыныс енгізілді.

Сонымен қатар, профилактикалық бақылаулардың нәтижелерімен 21мемлекеттік қызметшігеіссапар шығындарын төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін, еңбек саласындағы заңнама талаптарына сәйкесжалпы 78 100 теңгеніқұрайтын өсімпұл сомалары төленіп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Одан бөлек, жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 3 азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп (оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші), 2мемлекеттік қызметші түрлі тәртіптік жазаға тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support