- Advertisement -

Таразда бір мезетте тал еккен 100 әже елді тәнті етті

15

- Advertisement -

Бүгін Тараз қаласында кимешек киген жүз ақжаулықты әже Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі аумағына тал егіп, жергілікті тұрғындарды тәнті етті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

«Таза Қазақстан» акциясы аясында алды тоқсан жасқа таяған ақжаулықты әжелер немерелерімен бірге «Әуендер әлемі» аллеясына жүзден аса түп шынар ағашын отырғызды.

Айта кетейік, биыл облыс орталығанда 40 мың түп тал егу жоспарланған. Оның ішінде «Жеңіс», Қ.Рысқұлбеков саябақтары, Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйі саябағы, Әуежай сквері,  Арбат 1, Теміржол бекеті, Саңырақ батыр скверлеріне наурыз-мамыр айларында 4 100 дана әртүрлі ағаш отырғызылады. Сонымен қатар №15 «Ұлы дала» ықшамауданындағы саябаққа 3500, «Тектұрмас» аумағына 1 000 және «Жасыл белдеу» жобасы шеңберінде шаһардың шеткі алқаптарына 20 000 түп көшет егілмек. Бұдан бөлек биыл қала аумағында 12 мың шаршы метр гүлзарға гүл отырғызу көзделуде екен. Оның 5000 шаршы метрі сәуір айында егілсе, бұған қосымша 627 шаршы метр қазандыққа гүл отырғызылады.

Сондай-ақ көпжылдық гүлдермен қоса Абай, Төле би, Ниетқалиев, Сейфуллин көшелері мен үлкен көшелердің қиылыстары және Жамбыл даңғылы 15 мың тал әсем раушан гүлімен көмкеріледі. Жалпы ағымдағы жылы облыс орталығында 1 миллионға жуық гүл егіледі деп күтілуде

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support