- Advertisement -

Таразда тал көшеттерін отырғызудан жарыс өтті

24

- Advertisement -

Таразда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жергілікті тұрғындар мен жастар арасында тал көшеттерін отырғызудан жарыс өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтары және №11 аумақтық округнің тұрғындарынан құралған үш бірдей команда қатысты.
Ерекше форматта өткен тағылымы мол сайысқа қоғам белсенділерінен құралған арнайы комиссия қазылық етті. Әр команданың ауызбіршілігі мен еңбекке деген икемдігіне баға беріліп, нәтижесінде Тараз жастар ресурстық орталығы жүлделі I орынды жеңіп алса, II орынды «Құмшағал жастары», ал III орынды облыстық «Әулиеата жастары» командасы еншіледі. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық пен арнайы диплом табысталды.
Айта кетейік, қызықты да қызғылықты өткен сайыс барысында «Қызылабад» алқабына 1200 тал қара ағаш егілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support