- Advertisement -

Жамбыл облысында браконьерлерге 145 мың теңге айыппұл салынды

24

- Advertisement -

Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан 5 шақырымға жуық қараусыз ау құралы табылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайты 24KZ-ке сілтеме жасап

Балық шаруашылығы инспекциясы мамандарының айтуынша, ау құралы браконьерлерден қалған болуы мүмкін. Олар уылдырық шашу кезеңінде де табиғат байлығына заңсыз қол салуды тоқтатар емес. Инспекторлар табиғат қаскөйлерінің жолын кесу үшін күні-түні рейд жүргізумен қатар су айдындарын тазартып жатыр.

«Уылдырық» шарасы аясында браконьерлерді ұстау кезінде көлік ішінен 30 келіден астам заңсыз ауланған шаян табылды. Ал келесі көліктің жүксалғышынан бірнеше дорба балық тәркіленген. Жедел-профилактикалық шара басталғалы өңірде 10-ға жуық осындай дерек анықталған. Құқық бұзғандарға 145 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

— Былтырғы жылы осы уылдырық шашу кезеңінде Жамбыл облысы бойынша 40 дерек анықталып, оның ішінде 12-сі шара қолдану үшін сотқа жолданды. Осы 40 факті бойынша барлық қаскөйлерге 1 млн 180 мың теңге айыппұл салынып, айыппұлдар өндірілді,- дейді Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторы Нұржамал Құлбаева.

Табиғат қаскөйлерінің су астында қалдырып кеткен 5 шақырымға жуық ау-құралы Тасөткел су қоймасынан шығарылды. Оны қоғам белсенділері мен балық инспекциясының мамандары су айдынын тазалау барысында тапқан.

Айта кетейік, бұл су қоймасының жағалауы «Таза Қазақстан» акциясы аясында ретке келтірілген. Арнайы техникалармен 10 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support