- Advertisement -

БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА ҚАНДАЙ ФАКТОРЛАР КЕРІ ӘСЕРІН ТИГІЗЕДІ?

36

- Advertisement -

Жуалы ауданында «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шара жазатайым оқиғаларға жол бермеу үшін кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуді аудан әкімі Жалғас Мұртаза ашып, жүргізіп отырды. Әуелгі сөз алған Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Мейірхан Алимбеков улы газбен улану оқиғаларын және шомылу маусымында суға кету деректерінің алдын алу бойынша балалардың қауіпсіздігі мәселелерін баяндады.

Ал, психология ғылымдарының кандидаты Гульжан Вероцкая бала ата-ананың сөйлеген сөзіне, жүріс-тұрысына қарап тәрбиеленетінін, яғни бала отбасы тәрбиесінің айнасы екенін, сондықтан бала тәрбиесіне ерекше мән беру қажеттігі жайлы сөз қозғады.

Жиын барысында Жуалы ауданының бас имамы Ғалымжан Қонақбаев исламдағы бала тәрбиесі туралы сөз қозғаса, Жамбыл облысы әкімідігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің басшысының м.а Бақыт Шертаева білім беретін мекемелердегі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндай келе, ата-аналарды балаларын кешкі уақытта көшеде жүрмеуін қадағалауын ескертті.

Жиын соңында аудан прокуроры Ілияс Тойшыбеков өз ұсыныстарын айтты.

Айта кетейік, осындай кездесулер 13 ауылдық округтер мен аудан орталықтарындағы мектептерде жалғасатын болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support