- Advertisement -

Құттықтау

9

- Advertisement -

Құрметті әріптестер!

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметтеріңіз әрдайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын. Еліміздің кәсіподақ ұйымдары еңбеккерлердің жағдайын жақсартуға, еңбек қатынастарын реттеуге, елімізде әлеуметтік әл-ауқаттың артуына ауқымды үлесін қосып келеді. «Еңбек еткен – мұратқа жеткен» деген дана халқымыз. Сіздердің ел мүддесі жолындағы еңбектеріңіз өрлеп, табыстан табысқа жете беріңіздер. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек, тек қана қуаныш әкелсін.

 

«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлістігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support