- Advertisement -

ҚАЖ қызметкерлері ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынасты

59

- Advertisement -

Тұтас Түркі халықтарының ортақ мейрамы — әз-Наурыз мерекесі елімізде өзгеше форматта тойлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап елімізде Наурыз мерекесі жаңаша сипатта аталып өтуде. Наурызнаманың жаңа тұжырымдамасы бойынша өңір-өңірлерде әр күннің тақырыбына сай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері де Ұлыстың ұлы күнін ыстыық ықыласпен мерекеледі. Дәлірек айтқанда, мекеме қызметкерлері Тараз қаласындағы Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта ұлттық ойындар өзара кім мықтыны анықтады. Бұл күні олар арқан тартудан бақ сынасып, ұлттық ойындарды дәріптеді.

Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Жалпы, Наурыз мейрамы – ғасырдан-ғасырға жалғасып, ерекше форматта тойланып келе жатқан түркі халықтарының төл мерекесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support