- Advertisement -

Қайырымдылық жасау қаржыға байланбайды

19

- Advertisement -

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген ата-бабамыз қайырымдылықты сауапты іс деп қабылдап, ұрпағын әрдайым жақсылыққа, адалдыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке баулыған. Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа іспеттес, ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.

Қайырымдылық жасауды тек қаржылай көмек көрсету деп ойламау керек. Кез келген мейірімге, көмекке мұқтаж адамға қол ұшын беріп, оған жылулық танытып, сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасап, көмектесе аламыз. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін игі іс. Әрбір жасалған істе ізгіліктің бар екенін есте сақтаған абзал. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады.

Қазақта: «Қайырымды адамдар суармалы жер іспеттес, алғанын сан есе арттырып қайырып береді» деген қанатты сөз бар. Біреуге жасаған жақсылығымыз ізгілікті ісіміз, көмегіміз ерте ме, кеш пе қайтып оралады. Жасаған қайырлы істің түбінде жақсылық жасаған адамның өзі толығымен пайдасын көреді. Қайырымдылық көрсетіп, жәрдемдесудегі ең басты мақсат – Алла разылығы үшін жасау. Сондықтан да әр адам қайырлы іс жасайтын кезде Алла ризалығын мақсат тұту қажет.

«Кең болсаң, кем болмайсың» деген сөзде үлкен мағына жатыр. Жомарттық, қайырымдылық, кеңпейілділік қасиеттерді меңзеп отыр. Адамның жасаған қайырымдылық істері ешқашан бос кетпейді. Сондықтан қайырымдылық жасау – қайтарымы мол ізгі амал. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылықты, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, мейірім-шапағатын төгу, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық қарым-қатынас танытып, қол ұшын беру әр жанның азаматтық парызы деп түсіну керек.

ara24.kz материалы негізінде дайындалды

/фото abai.kz сайтынан алынды

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support