- Advertisement -

Дінаралық татулық – баға жетпес жетістігіміз

18

- Advertisement -

Дінаралық татулық, ұлтаралық келісім – баға жетпес жетістігіміз, құндылығымыз. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы да халықтардың өзара татулығы негізінде дамиды. Елімізде қазақ халқымен бірге қаншама өзге ұлт өкілдері жемісті еңбек етіп, аудан экономикасының дамуына үлкен үлес қосып келеді.

Халқымыздың би-шешендері мен ақын-жыраулары да әрқашан өсиетті сөздері мен ғибратты толғауларында, өлең-жырларында өзара келісімді, бірлікті насихаттайды. Майқы бидің: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген нақыл сөзі қаншама ғасыр өтсе де ұрпаққа өнеге. Жалпы қай заман, қай қоғам болсын елдің тыныштығы мен амандығынан қымбат ештеңе жоқ.

Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымды білдіреді. Яғни, ислам дінінің мақсаты – жер бетіндегі адамзатты біріктіру. Құран Кәрімде «Жер бетінде бейбітшілік орнағаннан кейін бұзақылық жасамаңдар» дейді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) XV ғасыр бұрын дүниеден өтерінде, соңғы сөзінде «Жер бетіндегі адамдар барлығың Адам ата мен Хауа анадан тарадыңдар. Сендер бір-бірлеріңе бауырсыңдар. Сондықтан бауырлар бір-бірлеріңе жамандық, қастандық, дұшпандық жасамаңдар. Жанашыр, мейірімді болып, бейбіт өмір сүріңдер» деген.

Тарих бетіне көз жүгіртсек, Қазақ елі әрқашанда түрлі халықтардың діни дәстүрлерінің, мәдениеттері мен өркениеттерінің тоғысатын мекені болған. Бүгінгі күнге дейін сол қалпында жалғасын тауып келеді. Жалпы алғанда егер дін қоғамда өзінің функциясын дұрыс атқарса, онда ол елде   бейбітшілік орнайтыны анық. Мәселен, Жамбыл облысында түрлі наным-сенімді ұстанатын көптеген этностар мен діни конфессиялар жарасымды өмір сүріп, өңірдің  саяси тұрақтылығына, экономикасы мен мәдени дамуына жұмыла үлес қосып келеді. Бұл туралы теолог Әбілқайыр Сабырұлы былай дейді:

– Жамбыл облысында түрлі діни конфессиялар бар. Мәселен, христиан және ислам бағытындағы. Жалпы аймақта дінаралық кикілжіңдер болған емес. Өйткені, мемлекеттің ұстанып отқан саясаты толеранттық көзқараста. Мысалы, ислам, христиан, иудаизм бәрі «Авраам діні» деп аталады. Яғни, олардың бәрінде адамды мейірімділікке, жақсылыққа шақыратын тұстары ұқсас. Ал қарама-қайшылықтарға келетін болсақ, бізде әр діннің ішінде басқа бағыттары бар. Мәселен, христиандарда православ, католик және протестанттар деп бөлінеді ғой. Бірақ солардың ішінде де өзгеше пайым, түсінігі бар неохристиандық бағыттар бар. Бірақ облыста діни ұстанымдағы азаматтардың көбі мұсылмандар мен христиандар. Жалпы жағдай конфессияаралық қарым-қатынас тұрақты, — дейді ол.

             Толерантты көзқарас пен кеңпейіл түсініктің арқасында қазіргі қоғамда діндері алуан түрлі, ұлттары мен тілдері басқа, әдеп-ғұрыптары сан түрлі халық өкілдері тату-тәтті бейбіт ғұмыр кешіп жатыр. Айталық, тарихи дәстүрлі діндердің ғибадатханаларының терезелері мешіттермен тең тұр. Сонымен қатар Қазақстан халықтары Ассамблеясының негізінде әртүрлі этнос өкілдерінің тілдері мен әдет-ғұрыптары сақталып, діни сенімдеріне бостандық беріліп келеді.

— Мәселен, тарихқа көз жүгіртетін болсақ жалпы барлық діндер арасында әу бастан дипломатиялық  қарым-қатынас орнағанын көруге болады. Яғни, әр ұлт өкілінің өзіне тән өмір сүру салтын басқа конфессиялармен салтырып қарағанда қарама-қайшы тұстары болса да бұл бір мекенде қоныстануға кедергі келтірмеген, — дейді исламтанушы Камила Мырзабаева.

Тәуелсіздік жылдары ішінде өзімізге тән тамаша дәстүрлер қалыптасты. Рухани келісім – біздің ұлтымызға тән үлкенді сыйлау, отбасына құрмет, балаларға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ортақ құндылықтар берік орнықты. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болды.

Ислам діні татулық пен мейірімділікке шақырады. Адамдарға мейіріммен қарау, дауласқандарды татуластыру, көршімен қарым-қатынаста болу мұсылманды нұрландыратын әрекеттер. Көрші мен көрші, ел мен ел тату болса, әлемде бейбітшілік орнайды.

/фото kazislam.kz сайтынан алынды

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support