- Advertisement -

Болашақ журналистер үшін – мүмкіндіктер мекені

16

- Advertisement -

Елімізде баламасы жоқ бұл байқауда бұған дейін белгілі жазушылар Тұрысбек Сәукетаевтың «Өлгендер қайтып келеді», Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романдары үздік деп танылды. Әлемде жүлде көлемі жағынан бесінші орында тұрған бұл әдеби бәйгенің жеңімпаздары өмірлерінің соңына дейін, ай сайын 500 доллар көлемінде қаламақы алып отырады. Ал, жобаның бас демеушілері – Freedom Finance Global PLC және «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры.

Сыйлықақының негізгі қағидасы – саясаттан тыс азаматтық сипат. Мемлекеттік қаражатқа тәуелсіздік. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандықтарды Отан ұғымына біріктіру. Алдын ала іріктеу кезеңінде негізгі талап ретінде үздік романды оқырмандар өздері таңдайды. Жасырын және ашық мүдделер қақтығысы болмас үшін қазылар алқасы болмайды. Плагиат жұмыстар іріктеуден өтпейді. Жеңімпаз атанған шығарма бірден ағылшын тіліне аударылады. Одан бөлек, қазақ тілінде жазылған шығарма орысша, орыс тіліндегі шығарма қазақшаға аударылып басылады. Жеңімпаз атанып, оқырмандар пікірі бойынша үздік танылған шығармаларға баспагерлер мен продюсерлер тарту да сыйлықақының негізгі қағидаларына жатады. Дегенмен, жүлде тек біреу ғана. Уақыт өте келе белгілі бір әлеуметтік маңызы зор тақырыпты қозғаған шығармаларға коммерциялық емес жүлделер де тағайындалуы мүмкін. Жыл сайын өткізілетін байқауды ұйымдастырушылар әдебиет саласындағы беделді байқауға айналдыруды мақсат етіп отыр. Байқаудың жаңашылдығы – жазылған шығармалар 1900 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақстан туралы жазылған болуы тиіс. Байқауға қатысу және дауыс беру үшін Mecenat.kz сайтына тіркелген Қазақстан азаматы болуы керек. Ескерте кететіні, ұйымдастырушылар мен меценаттар, олардың отбасы мүшелері байқауға қатыса алмайды. Аталған сыйлықақының бірегей форматы өнер адамдары мен меценаттар арасындағы риясыз әріптестік байланыстың табысты жүзеге асуынан туындап отыр.

Байқаудың негізін қалаушы Ерлан Асқарбековтың айтуынша, әдеби бәйгені Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жазушылар білуі тиіс. Олар өз жұмысын байқауға жолдап, оқырмандар үздік шығарманы өздері таңдауы керек. Роман бәйгесінің жүлде қоры қомақты болғандықтан, жазушы шығармашылықпен айналысу үшін еркін жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Байқауға қатысатын романның көлемі – бос орындармен есептегенде 150 000 белгіден бастап, 300 000 белгіге дейін болуы шарт. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл байқау ережесіне басқа да өзгерістер енгізілген. Қатысушы өтінімді дұрыс, талапқа сай қылып ұсынуға тиіс. Өтінімде қандай да бір қателік болса, қатысушы өзі жауап береді. Яғни, байқаудың ережелеріне сай келмейтін қолжазбалар сайыстың кез келген кезеңінде шеттетілмек. Бәйгеге қалам түріп қатысам деушілер байқаудың толық ережесі мен көкейдегі көп сұрақтың жан-жақты жауабын mecenat.kz сайтынан таба алады.

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support