- Advertisement -

Таразда «Көрісу күні» мерекесі аталып өтті

24

- Advertisement -

Бүгін 14-наурыз «Амал» мерекесі қарсаңында Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде «Көрісу күні» атты іс-шара өтті. Әз Наурыздың бастауына арналған мәдени іс-шараны Тараз қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.

Мәдениет үйінің сахнасында Дулати халықтық студенттік — жастар театрының әртістері «Көрісу» күніне арналған театрландырылған қойылым қойды. Одан кейін «Томирис би» тобы мың бұралған биімен жиналған көрерменді тамсандырды. Сондай-ақ қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков ақ батасын берді.

Концерттік бағдарламадан бөлек, келушілер залында әр түрлі көрмелер ұйымдастырылды. Мәселен, Абай атындағы кітапхана «Нұр тарайды Наурыздан» атты кітап көрмесін ұсынды. Онда түрлі қазақстандық авторлардың кітаптары мен салт-дәстүрлер, қазақ халқының ұлттық киімдері туралы жинақтар көрсетілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support