- Advertisement -

Жер саласының қызметтері электронды көрсетілуде

20

- Advertisement -

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қазіргі таңда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аталған ауқымдағы қызметтердің сапалы көрсетілуі тұрғындардың атқарушы органдарға деген сенімінің нығая түсуіне жол ашады. Мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы болып табылады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiндеттердiң бiрi – жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

Мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшіріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы «Бір терезе» қағидасы бойынша және «Е-лицензия», «ИИС-ЦОН» жүйесі арқылы, «E-Jambyl» порталы арқылы көрсетіледі.

Жер қатынастары саласында қазіргі уақытта келесідей қызметтер көрсетіледі:

  1. Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту.
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.
  4. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату.
  5. Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау.
  6. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру.
  7. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру.
  8. Жер учаскесін алуға кезекке қою.
  9. Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру.
  10. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
  11. Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу.

Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы кеңсесінде арнайы ақпараттық стенд жабдықталған. Онда көрсетілетін қызметтің түрлері, уақыты, және тағы басқа мәліметтер орналастырылған.

Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық мәліметтер облыс әкімінің www.zhambyl.gov.kz ресми сайтында және басқарманың әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

 

Ермек КАРЕНТАЕВ,

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support