- Advertisement -

Президенттің 3 тазысы бар, оның бірі – Наурыз

21

- Advertisement -

Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды тазысы бар,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz  сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды.

Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support