- Advertisement -

Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасына барады

21

- Advertisement -

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасына жолдама беретін халықаралық лицензиялық іріктеу турнирі наурыз айының 3-11 аралығында өтті. Аталған турнирде 71 килограмда бақ сынаған жамбылдық жерлесіміз Асланбек Шымбергенов сәтті өнер көрсетті.

Асланбек алғашқы жекпе-жегінде финляндиялық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңсе, келе сі 1/16 финалдық кезеңінде польшалық Дамиан Дуркачтан 4:1 есебімен басым түсті. Алғашқы қарсыластарын жеңген Асланбекке 1/8 финалдық кезеңі ауыр соқты. Түркіменстандық Байрамдұрды Нұрмұхамедов Асланбек Шымбергеновке лайықты қарсылас екенін байқатты. Алғашқы екі раунд бойы Асланбек басымдықты өз пайдасына шешкенімен, үшінші раундта шаршаңқы жұдырықтасты. Дегенмен, қарсыласын 3:2 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Ширек финалда әзірбайжандық Сархан Әлиевті айқын басымдықпен ұтып, Олимпиада жолдамасына ие болды. Бұл турнирде әр салмақта 4 боксшыға Париждегі төрт жылдықтың басты додасына жолдама берілгендіктен, жартылай финал, финалдық ойындар өткен жоқ. Осылайша, жерлесіміз жанкүйерлеріне Олимпиада жолдамасын сыйлады. Бұл ретте Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың, жеке бапкері Ермек Ертаевтың еңбегі үлкен екені анық. Аталған турнирде Олимпиада жолдамасын от андаст арымыз 51 килограмм салмақтағы Сәкен Бибосынов, 57 килограмда Махмұд Сабырхан, 80 килограмда Нұрбек Оралбай, 92 килограмда Айбек Оралбай жеңіп алды!

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support