Ал, Дәулет Ергештің таңдағаны – еркін күрес. Бала күнінен күрес түрлеріне икемі болған ол мектеп бітірген соң М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығын таңдапты. Бір сөзбен айтқанда, спорттың соңында келеді. Дәулет бұл күнде Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатынан күміспен оралды. Былтыр Испания мемлекетінде өткен әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды. Еркін күрес – олимпиадалық спорт түрі. Бұйырса, алдағы кезеңде меркілік Дәулет Ерболатұлының Олимпиадаға қатысуға мүмкіндігі бар.
Аталған ауданға барғанымызда баспасөзге жауапты мамандар бізді чемпион ұлдардың анасымен кездестіруге асықты. Ол – «Алтын алқа» иегері Раушан Тулыбекова. Бір байқағанымыз Раушан чемпиондардың анасымын деп кеудесін көтеріп тұрған жоқ. Қарапайым. «Мен белгілі мамандық иесі бола алмадым. Мектеп бітірген жылы күзде бұйрық болып, Ерболат деген азаматқа тұрмысқа шықтым. Адам тағдырынан аса алмайды ғой. Арада жыл өткенде өмірге Абзал келді. Қазір жеті перзенттің анасымын. Ерболат екеуміз ұл-қыздарымызды шамамыз келгенше бағып-қағып, тәрбиелеп өсіріп жатырмыз. Екі баламыз спорттан нәтижеге жетіп, чемпион болып қуантуда. Шүкір. Менің жұбайым да жас кезінде күрескен, спортпен айналысқан. Қайын жұрт жағыма спорт дарыған. Жақын қайным Мейіржан Әшіров те еркін күрестен Азия чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Міне, сол Мейіржанның жаттығып жатқанына қызығып, біздің де балаларымыз күрес залына барды. Өздері таңдау жасап, жазылды. Үшінші ұлымыз Нұрали актерлік мамандықты таңдаса, одан кейінгі ұлымыз Нұрмұхамед те спортшы. Қазір әскерде Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Расул Меркі колледжінде аспаз мамандығы бойынша білім алса, Рыскелді мен Әмина – мектеп оқушылары. Жолдасым Ерболат – құрылысшы. Осы ұл-қыздарды жеткізіп, мойнымыздағы міндетті атқарсақ – сол қуаныш. Біз жетпеген жетістікке перзенттеріміз жетсе деген тілек бар», – деді ол.
Осы сәтте жаттығуда жүрген ұлы Дәулет қоңырау шалып, анасының жағдайын сұрады. Бұл жағдай да бізге оң әсер етті. Қанша чемпион болса да анасының хабарын біліп тұрған баладан айналу керек шығар. Ұлдары да, өзі де алтыннан алқа таққан Раушан Тоқтарқызы нағыз батыр, бақытты ана. Біз Абзал мен Дәулетті өмірге әкелген ананың деніне саулық, ұлдарына жеңіс тіледік.
Баланың жақсы болуы – ата-анаға мерей!
Есет ДОСАЛЫ
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ауданға еңбегі сіңген абыройлы азамат
- 17 қыркүйек, 2024
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді