Испания құрамасы футбол тарихында ең алғаш 1964 жылы Еуропа чемпионы атанған. 2008, 2012 жылдары осы жетістіктерін қайталады. Сонымен қатар, Германия үш рет, Италия мен Франция құрамалары екі рет Еуропа чемпионатында топ жарған. Чемпиондық тәжді бір мәрте болса да аспанға көтерген құрамалар арасында Португалия, Грекия, Дания, Нидерланд, Чехословакия, КСРО құрамалары бар. Байқап отырғандарыңыздай, алпыс жылдан бері он құрама ғана осы чемпионаттың ең биік тұғырына көтеріле алған.
Ал, Англия құрамасы Еуропа чемпионы болуды армандап келеді. Осымен екінші мәрте финалға шықты. Сондықтан, Берлин стадионындағы финалдық кездесуге әлем көз тікті. Қай ел құрамасының бәсі жоғары болатыны миллиондаған футбол фанаттарын қызықтырды.
Алғашқы таймда испандықтар жиі шабуылдап, өздерінің қарқындарынан жаңыла қойған жоқ. Допқа иелік ету жағынан да басым болды. Тіпті, 17 жасар футбол жұлдызы Ямальдің қақпаға тура тепкен добы бірде бағанаға тисе, енді бірде қарсылас қақпашының қолынан табылды.
Ойын екінші таймда қыза түсті. Тіпті, 47-минутт а испандық Нико Уильямс есеп ашты.Нәтижелі пас беруші – Ямаль. Осылайша, Луис Де Ла Фуэнтэ шәкірттері жеңіс жолына қарай қадам жасады. Осы голдан кейін Испания құрамасы еркін ойнап, есепті еселеп жібереуге шақ қалды. Өткір шабуылдарынан ағылшындық қорғаушылар сауатты қорғана білді.
Дегенмен, екінші таймның 73-ші минутында Англия ойыншысы Палмер алыстан соққы жасап, испандар қақпасының сол жақ бұрышын дәл көздеді. Есеп осылайша теңесіп, ағылшындық жанкүйерлердің үміті оянып, қуанышында шек болмаған. Тіпті, ойын қосымша уақытқа созылатын шығар деп те ойлаған едік. Д егенмен, 86-минутта испандық Ойарсабаль соққан гол ойын тағдырын шешті. Қалған уақытта ағылшындық құрама қанша шабуылдағанымен, нәтижесі болған жоқ. Тіпті, ағылшындықтар бұрыштамадан көтерген доп испандықтар үшін қауіп тудырғанда бүкіл әлем ішінен тынған болар. Ағылшындықтар қолайлы жерден үш рет допты бағыттап, гол соға алмады. Сәл сәттілік жетіспеді.
Сонымен, 2:1 есебі француздық бас төрешінің ысқырығы естілгенше өзгерген жоқ. Нәтижесінде, Испания құрамасы төртінші мәрте Еуропа чемпионы атанды. Еуро дода тарихында ең көп чемпион болған құрама да осы – Испания. Бұл жолы да жарқын ойын көрсетіп, әділетті жеңіске жетті. Тіпті, өткізілген 7 ойынның барлығында сенімді түрде басымдық танытты. Осы Еуропа чемпионаты 17 жасар Ламин Ямаль секілді жас жұлдыздың есімін әлемге танытты. Луис Де Ла Фуэнтэ шәкірттері білгенінен жаңылмай, өз жанкүйерлерін шексіз шаттыққа бөледі.
Осылайша, Германия мемлекетінде өткен футбол тойы мәресіне жетті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ұлтына ұлы қуаныш сыйлаған ұл
- 5 желтоқсан, 2024
Бес жерлесіміз Тайландта жұдырықтасады
- 5 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді