- Advertisement -

Жемқорлық туралы хабарлаған азаматтар 15 миллион теңгеге жуық сыйақы ала алады

15

- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілері «Жемқорлыққа жол берме! 1424 call-орталығына хабарла!» акциясын өткізді.
Акция барысында еріктілер жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарды қорғау туралы жұршылықты ақпараттандырып, жемқорлыққа қарсы жапсырмаларды Тараз қаласының 150-ге жуық қоғамдық көліктеріне орнатты.
Заңнамаға енгізілген өзгеріске сәйкес бұдан былай сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдар мемлекеттің қорғауында болады. Яғни, ондай азаматтар тәртіптік комиссияның немесе өзге алқалы органның ұсынымдарынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартыла алмайды және лауазымынан босатыла алмайды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтар айыптау үкімі шығарылғаннан кейін 30 бен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе пара сомасының 10 пайызын ала алады. Ең жоғарғы сыйақы көлемі 14 миллион 768 мың теңгені құрайды.
Антикор еріктісі О.Мұхтархановтың айтуынша: «Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасының басты міндеттерінің бірі – осындай ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу арқылы халық арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру және парасаттылық қағидаттарын нығайту болып табылады. Біз азаматтарды өзінің азаматтық борышын танытып, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға шақырамыз».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support