- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің ҚХР-дағы жұмыс сапары барысында жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатынан

20

- Advertisement -

“Қазіргі таңда Шаньдун провинциясының үлкен әлеуетке ие екенін әрі қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Біздің өңірлеріміз арасында, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында өзара тиімді ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктер бар.

Қытайлық әріптестеріміздің ауыл шаруашылығын дамыту мен су ресурстарын ұтымды пайдаланудағы тәжірибесі қызықтырады. Жамбыл облысы еліміздегі ауыл шаруашылығы саласында көшбасшылардың бірі.

Мәселен, пияз өндірісіндегі жамбылдық диқандардың толайым табысы осының дәлелі. Бұл салада заманауи технологияларды енгізген жағдайда, бұл тұрғыдағы көрсеткішті үш есеге арттыруға мүмкіндік мол.

Бірқатар кездесулер барысында Шаньдун провинциясы кәсіпкерлерінің тәжірибесін пайдалана отырып, Жамбыл облысының аумағында жүзеге асыруға болатын қызықты кейстер мен жобаларды талқыладық. Біз бірлесіп жұмыс істеуге мүдделік таныттық. Жаңа әрі тиімді жобалар екі тату көрші елдің кәсіпкерлері мен тұрғындарының игілігі үшін іске асатынына сенімдімін”.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support