- Advertisement -

Жамбылда кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері негізсіз тексеру жасаған

19

- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер тарапынан Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттеріне қатысты шағым келіп түсті.

Қырғыз Республикасынан Қазақстанға жүк тасымалдаған кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тарапынан кедергілер келтірілген. Кәсіпкердің тауарын тексеру барысында жүк көлігінен бірнеше рет түсіріп тексергені анықталды. Нәтижесінде тауар мақсатты орынға кешіктіріліп жеткен.
Департаменттің енгізген ұсынысынан кейін тауарды себепсіз бірнеше рет тексеру тәжірибесі тоқтатылды.

Құрметті кәсіпкерлер, егер мемлекеттік органдар тарапынан заңды құқықтарыңызға шектеу қойылып, қандай да бір жасанды кедергілер мен тосқауылдарға тап болсаңыз: Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне, Тараз қаласы, Әйтиев көшесі 40 мекенжайы бойынша немесе 1424 call-орталығы және 8(7262)93-60-20 нөмірі арқылы жүгінуге болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support