- Advertisement -

Инвестицияларды сүйемелдеу бойынша оқыту өткізілді

24

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің бастамасымен аудан әкімдерінің орынбасарлары өңірге инвесторлар тарту және инвесторлармен жұмыс істеу бағытында оқытудан өтті.

Екінші рет өтіп отырған шара Шу ауданында ұйымдастырылды. Басқосу барысында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен облыс әкімінің кеңесшісі Дәулетқожа Мамыров аудан әкімдерінің орынбасарларына инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес-жоспар құру, тауашалық жобаны анықтау, Жамбыл облысының әлеуеті, аудандардың инвестициялық картасын әзірлеу, KPI және аудандардың рейтингісі бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының директоры Арыстанбек Сағиев жиналғандарға өз презентациясын ұсынып, инвесторлармен жұмыс жүргізудегі мәмілелер мен мәселелер жөнінде талқылады.

Жиыннан кейін қатысушылар аумағы 505 га болатын «Тараз химиялық Паркі» АЭА-ғын аралап, өндіріс орындардың бүгінгі аяқ алысымен танысты.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support