- Advertisement -

Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

109

- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған бағынысты түзеу мекемелерінің басшы және жеке құрам қызметкерлері қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Бұл күні тәртіп сақшылары Тараз қаласындағы №2 қарттар үйіне арнайы барып, ондағы ардагер қарияларға сый-сияпаттарын табыс етті.

— Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келдіңіздер. Мемлекет еш уақытта сіздерді қамқорсыз қалдырмайды, біз қарияларымыздың алдында қарыздармыз, – деді өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов.

Өз кезегінде қарттар үйінің тұрғындары тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын білдіріп, баталарын берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support