- Advertisement -

Өнеркәсіп кешендерінің өнімі артуда

42

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ауыл шаруашылығымен қатар кәсіпкерлік саланы барынша дамытуға басымдық беріп отыр. Яғни, шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен бизнес саласын көтеру бүгінгі күні алдымызда тұрған үлкен міндеттің бірі. Шынын айту керек, қазір инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызды орынға ие екені белгілі. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде ауданымызда ауыл шаруашылығына көңіл бөлген кәсіпкерлер қатары артып, қалыптасып келеді.

Жалпы, еліміздің әлеуметтік- экономика лық дамуына с ерпін беретін мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар Б.Момышұлы ауылдық округінің әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Ұсынылған бағдарламалар мен жобалардың тиімді жүзеге асырылуының нәтижесінде округтің әл-ауқаты артып, халықтың тұрмыс- тіршілігі түзеліп келеді.

Бүгінгі таңда Б. Мом ы ш ұ л ы ауылында 83 көше болса, онда 3070 аула, 14870 тұрғын бар. Округте 25 шаруа қожалығы және 1035 жеке кәсіпкер жұмыс істеуде. Олар ауылдағы азық-түлік бағасының тұрақтануына өз үлестерін қосуда. Мәселен, биыл шаруа қожалықтар күшімен 277 гектарға себілген бидай алқабы орылып, оның әрбір гектарынан орта есеппен 26 центнерден өнім жиналды. Сонымен қатар, 300 гектарға орналастырылған арпадан гектарына 21,6 центнерден, 150 гектарға себілген мақсарыдан 9,1 центнерден өнім алынды. Ал көкөністен де жақсы өнім жиналып, аудан тұрғындары сәбіз, қырыққабат және жеміс-жидекпен қамтуға көмегі тиді. Шаруа қожалықтар тарапынан 12 жаңа техника алынды.

Округтегі шаруа қожалықтардағы мүйізді ірі қара саны 158, ұсақ мал 2192, жылқы 130 басты құрады. Ал жеке сектордағы мүйізді ірі қара 2276, қой-ешкі 5548, жылқы 380 басты, үй құстары болса 7660-қа жеткен.

Соңғы жылдары ауылда Президентіміз тапсырғандай «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында өнеркәсіп және индустрияландырумен айналысып отырған кәсіпкерлер қатары артып келеді. Солардың қатарында «AQMOL 2025» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Серіктестік өткен жылы жалпы құны 173 миллион теңгені құрайтын 267 тонна сүт өнімдерін шығарған. Зауыттың тәуліктік қуаттылығы 40 тоннаны құрайды. Кәсіпорын 25 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыған. Зауыт өнімін Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларына өткеруде.

Келесі кәсіпорын «АгроАзықтүлікнанменжабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл зауыт негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен, оның ішінде өсімдік майын шығарумен айналысады. Серіктестік 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның жобалық қуаттылығы тәулігіне 54 тонна мақсары майын, 182 тонна жмых өңдеуге қауқарлы. Қазіргі таңда кәсіпорын 16 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Өндірген өнімдерін экспортқа, Қытай мен Бельгия нарығына шығаруда.

Сол сияқты ауданда өзіндік орны бар кәсіпорынның бірі «СМТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл зауыттың қуаттылығы жылына 10 мың тоннаны құрайды. Онда сары май, брынза, моцарелла, қатты ірімшік, сулугуни, чечил сынды өнімдер өндіреді. Қазіргі таңда кәсіпорында 6 адам тұрақты жұмыс атқарады. Кәсіпкер зауыт өнімін Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларына өткеруде.

Ауданда тарихы өткен ғасырдың орта тұсынан бастау алатын өнеркәсіп ошағының бірі «Бурное сүт компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Зауытта сүт, сары май, брынза, моцарелла, қатты ірімшік, сулугуни, чечил өндіреді. Қазіргі таңда кәсіпорын 127 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Өнімдері негізінен отандық нарықпен қатар Ресей мемлекетіне экспортталады. Ал орталықтағы «LF company» ЖШС тәулігіне 5-7 тонна сүт өнімдерін өндіруде. Өнімнің түрлері, яғни ашытылған сүт өнімдері, ірімшіктер мен майлар, айран, құрт. 2019 жылы құрылған кәсіпорында 16 адам жұмыс істейді.

Бұл бағытта жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлер де аз емес. Соның бірі – «Бірге» сүт өңдеу цехы. Оның тәуліктік қуаттылығы 3 тонна. 2021 жылы құрылған шағын цехта үш адам жұмыс істейді. Өндірілетін өнім түрлері: табиғи ірімшік, сары май, құрт, йогурт, брынза. Ал келесі жеке кәсіпкер «Нысанов М» сүт өңдеу цехының да жұмысы жанданып келеді. Онда тәулігіне 2 тонна сүт өңделіп, өнім өндіруде. Бұл өңдеу цехы да 2021 жылы құрылған, қазір шағын цехта 4 адам жұмыс істеуде. Өнімдері табиғи ірімшік, сары май, құрт. Бұл шағын цехтардың негізгі тұтынушылары Алматы мен Тараз қалалары және аудан аумағындағы дүкендер.

«Бурненское сырное компания» АӨК сүт өңдеу цехы да өз өнімімен нарыққа т анылып келе жатқан кәсіпорынның бірі. Онда тәулігіне 8 тонна сүт өнімдері өндіріледі. Өнім түрлері: табиғи ірімшік, сары май. 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнімдері Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларында өткерілуде.

Ауданда жақсы дамып келе жатқан саланың бірі кәсіпкерлік саласы. Бүгінгі таңда аудан орталығында 135 дүкен, 25 кафе, 10 дәріхана, 5 тіс емханасы, 30 сұлулық салоны және шаштараз, 7 мейрамхана, 6 базар, 7 жанар-жағармай құю стансасы, 6 желімдеу орындары, 3 сурет салоны, 10 ломбард, 5 наубайхана, 5 асхана, 5 тігін цехы, 7 пескоблок шығаратын орын, 3 монша, 5 ветеринариялық дәріхана, 2 қонақ үй, 41 әртүрлі қызмет көрсету орындары халыққа қызмет көрсетуде. Кәсіпкерлік нысандар саны өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға көбейген.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында атқарылған жұмыстар баршылық. Атап айтсақ, аудан орталығында тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 271 жетіп отыр.

Кәсіпкерлер қайырымдылық жасаудан да тыс қалып жатқан жоқ. Атап айтсақ, аналар мерекесіне орай көпбалалы және аз қамтылған 15, Наурыз мерекесінде 10, «Алғыс айту күнінде» 8, Жеңіс күні мерекесіне Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлеріне 10 және 1 қазан – Қарттар күнінде 10 қарияға азық-түлік пакеті таратылды. Бұдан бөлек, Құрбан айт мерекесінде 40 отбасына мал, ет үлестірілді. «Мектепке жол» акциясы аясында жүздеген бала мектепке керекті киім-кешекпен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда ауылға қарасты жалпы жердің көлемі 6983 гектарды құрайды. Оның 5379 гектары ауыл шаруашылығы жерлері. Ауыл шекарасының кеңейуіне байланысты тұрғын үй және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін кезекке тіркелген 170 азаматқа Көктөбе а лқабынан тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер алаңдары дайындалғандығы туралы хабарлама беріліп, тұрғын үй құрылысы жүргізу үшін жер телімдерінің алдын ала орналасу сызбалары жасалып, жерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 70 үйдің қабырғасы көтеріліп, 170 азаматқа шешім шығарылды.

2007 жылдан бастап 2022 жыл аралығында Б.Момышұлы ауылынан тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер теліміне 1960 азамат өтініш білдірген, ал «Еgov.kz» порталы арқылы электронды түрде 2205 азамат кезекте тұр. Олардың жалпы саны 4165 азаматты құрайды.

Ауылымызда 3 спорт мектебі, 2 спорт алаңы аудандық мәдени және спорттық іс-шараларға тұрақты араласып, бұқаралық спортты дамытуға үлестерін қосуда. Барлық деңгейдегі іс-шараларға негізінен шаруа қожалық жетекшілері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары демеушілігін жасап отырады.

Б.Момышұлы ауылында өткен жылы тұрғындар саны 14739 адамды құраса, оның 4864-ы жастар. Бұл жалпы тұрғынның 34 пайызын құрайды. Оның ішінде мемлекеттік қызметте 29 жас бар. Өткен жылы «Жұмыспен қамту орталығына» 525 жас жұмыссыз ретінде тіркелген. Бүгінгі таңда 234 жас тұрақты жұмыс орнына тұрса, 48 жас қоғамдық жұмысқа, 58 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына, 15 жас әлеуметтік жұмыс орындарына, 19 жас қысқа мерзімді оқу курстарына жолданған. «Бастау Бизнес» жобасы аясында білімін жетілдірген 302 жастың 54-і қайтарымсыз грантқа ие болды. Алғашқы жұмыс орны бойынша 10 жас, «Жасыл ел» жобасымен 40 жас жұмысқа тартылған. Аталған жобаға NEET санатындағы жастар, пробация есебіндегі тұрған жастар мен ауданның жұмыссыз жастары тартылды.

Мемлекет тарапынан бөлінген қаржыға жасалып жатқан жұмыстар да аз емес. Атап айтсақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Б.Момышұлы ауылының 18 көшесін орта жөндеуден өткізу үшін 136 миллион теңге бөлініп, игерілді. Жалпы ұзындығы 5,2 километрді құрайды.

Б.Момышұлы ауылының ауылішілік автомобиль жолдарына қысқы күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 83 көше қардан тазартылды. Жол тазалау жұмыстары жалғасын табуда. Сондай-ақ, ауылдың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және пайдалануға жарамсыз тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау жұмыстары бойынша 11 айда 290 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Ауылдағы 14 көпқабатты тұрғын үйдің аумақтарын асфальттау жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Д.Пахомов, Қ.Иманбекұлы және З.Толымбаев көшелеріне арық науаларын орнату жұмыстары аяқталды. Аудан орталығының түнгі көше жарығын күтіп баптау бойынша 64 көшенің жарығы ретке келтірілді. Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес, жаңадан жасалған жобалық- сметалық құжаттамаға сай 11 көшеге түнгі жарықтандыру жұмыстары аяқталды.

Демеушілер есебінен, атап айтсақ, тал-дарақ отырғызуға 100 түп қылқан жапырақты ағаш, қара ағаш, терек және тағы басқа жеміс ағаштары Жібек жолы, Б.Сафинов көшелері бойындағы саябақтарға отырғызылды. М.Жұмабаев атындағы орта мектепке жеке кәсіпкердің есебінен спорт алаңшасы салынды. Жеке кәсіпкерлердің есебінен ауыл ішіндегі көпірлер, саябақтардағы қоршауларды дәнекерлеу жұмыстары атқарылды. Д.Қонаев атындағы орта мектептің алдыңғы жағына жеке кәсіпкердің е себінен автотұрақ орналастыру жұмысы істелді. 2023 жылы маусымында тұрғындарды бақша суымен қамтамасыз ету мақсатында, жеке кәсіпкердің демеушілігімен арықтарды арнайы техникамен қазып, ауылдың жоғарғы бөлігінің 6 көшесіне су берілді. «Асар» жобасы аясында екі отбасына үй берілді. Сондай-ақ, ай сайын бір отбасына демеушілер тарапынан көмек көрсетілді.

 

Керімхан ТӨРЕҚҰЛОВ,

Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі.

Жуалы ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support