- Advertisement -

Айрықша жаратылған жан

53

- Advertisement -

Талас ауданына қарасты Тамды ауылында 1923 жылы туған Ниязбек пен әпкесі Әтіркүлдің балалық шағы қиын-қыстау кезеңге тұспа-тұс келді. Олардың әкесі Егемберді аталған ауылдағы байлардың бірі болғандықтан, ұжымдастыру дәуірінде «бай-кулак» деген атпен қолына кісен салынып, жер аударылып кеткен болатын. Бірі 6-да, енді бірі 8-ге толмаған қос балдырғанды жеткізу үшін анасы Ақжарқын барлық қиындықтарға қарсы тұрды. Ауылдағы мектептің 7-сыныбын бітірген Ниязбек өзінің білімге деген құштарлығымен сыныптастарынан баса озып, білім ошағын өте жақсы бағамен бітіріп шығады. Өзін-өзі әрдайым қамшылаудың арқасында орыс тілінде еркін сөйлейтін дәрежеге жеткен. Мектепті бітірген соң ауылдағы анасына жәрдемші болып, шөп шауып, егін салды, өгіз арба айдады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support