- Advertisement -

Бейнероликтер байқауы мәреге жетті

53

- Advertisement -

Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық кино орталығының» әлеуметтік мәселелерді насихаттау, дарынды, қабілетті азаматтардың шығармашылық белсінділігін арттыру мақсатында «Бізбен бірге» атты әлеуметтік бейнероликтер байқауының марапаттау салтанаты өтті.

Барлығы 17 үміткер бақ сынаған байқауда аталған басқарма өкілі, мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Ғани Нұсейтов, жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Дархан Дәуренбеков, облыстық кино орталығының маманы Александр Барабашов қазылық етті.

Байқау нәтижесінде, Қордай ауылы мәдениет үйінің қызметкері Мұхитжан Сабырқожа I орынды, ал II орынды Пак Иннокентий, III орынды Нұрсұлтан Бұхарбаев иеленді.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталды. Одан бөлек, арнайы номинацияларға да сыйақы берілді. «Көрермен көзайымы» номинациясын Шу аудандық мәдениет үйінің маманы Жанат Ескараева алса, «Үздік оператор» аталымында Эльбрус Алтынбай марапатталып, «Үздік сценарий» номинациясына Махамбет Ильдрахманов ие болды.

Қалған 11 қатысушыға байқауға белсене қатысқаны үшін Алғыс хат және қаржылай сыйақы берілді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support