- Advertisement -

Билер кеңесінің берері көп

62

- Advertisement -

Қазіргі таңда билер кеңесінің жұмысы жандана бастаған. Олар халық арасында бірлік пен ынтымақты нығайтуда, жастарға ұлттық тәрбие беруде белсенділік көрсетуде. Ел ішіндегі дау-дамайды сотқа жеткізбей шешуді де абыроймен атқарып келеді.

Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында облыстық билер кеңесінің «Билер кеңесі–дауды шешудің тиімді жолы» атты тақырыпта семинар- кеңесі өтті.

Тәрбиелік маңызы зор жиында билер қауымының алдына бірқатар мақсаттар мен межелер қойылып, ардагерлер көптеген көкейкесті мәселелерді ортаға салды.

Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Жұмабек, аудандық соттың төрағасы Бағлан Далибаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков және ауданның Төбе биі Жамбыл Қалыбаев пен билер кеңестерінің төрағалары қатысқан алқалы кеңестің күн тәртібі де ауқымды болды.

Жиында аудан басшысы Әлихан Әбіләшұлы ауданның әлеуметтік- экономикалық даму барысына тоқталса, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттерін айтып беріп, қазақ халқы үшін билер сотының беделі мен мәртебесі, қызметінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ауылдық округтегі билердің атқарған жұмыстарындағы кемшіліктері мен артықшылықтарын жеткізді. Бұдан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков «Дәнекер» жобасының 2023 жылдың 9 айында орындалу барысын жеткізсе, атқарылған жұмыстарына тоқталған аудандық соттың төрағасы Бағлан Көшкінбекұлы басты мақсат – жеңіл және ауыр емес санаттағы істерді сотқа жеткізбей шешіп, медиациялық тәртіпте әрекет ету тиімді екенін айтып, слайд арқылы бейнеролик көрсетті. Ал, ауданның Төбе биі Жамбыл Қалыбаев билер кеңесінің көмегімен татуластыру шараларын жүргізудің мол мүмкіндіктеріне және билердің атқарған жұмыстарына тоқталды. Билер соты, дала соты ата-бабамыздың дәуірінде, қазақ хандығы, қазақ құрылымы, қазақ мемлекеті кезінен-ақ қоғамда ерекше орын алғандығын және қазіргі таңда да дауларды сотқа жеткізбей шешуге билер кеңесінің ықпал ететінін айтты.

«Билер кеңесі – дауды шешудің тиімді жолы» тақырыбында облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Жұмабек, ал Жамбыл ауылдық билер кеңесінің 9 айда атқарған жұмыстары туралы ауылдық билер кеңесінің төрағасы Тұрсынтай Қалдарбеков сөз алды.

Семинар соңында Оңласын Есіркепов ауданның Төбе биі Жамбыл Қалыбаевқа, ауыл билері Жолшыбек Елубаев пен Несіпбай Есілбаевтарға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевтың Алғыс хатын табыс етті. Бұдан кейін аудан әкімі Әлихан Балқыбеков Оңласын Есіркеповті Алғыс хатымен марапаттап, шапан жауып, құрмет көрсетті.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support