- Advertisement -

Майталмандар марапатталды

28

- Advertisement -

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, дәстүрлі дала мәдениетін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Мәдениет – асыл қазынам» атты облыс аудандарының мәдениет күндері өткен болатын. Жақында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен қорытынды марапаттау рәсімі өтіп, өңір басшысы осы байқауға Мойынқұм ауданының да белсенді қатысқанын, еңбектерінің ақталғандығын атап өтті.

Мәдениет с аласының бірқат ар қызметкерлерін марапаттау жиыны ауданда да жалғасын тапты. Жиында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков сөз алып, уақытпен санаспай еңбектің биігінен көрініп жүрген қызметкерлерді марапаттады. Іс-шараға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, сонымен қатар, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, мәдениет саласының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандағы мәдениет саласы қызметкерлерінің биыл қол жеткізген жетістіктері аз емес.

Облыстық халық шығармашылығы орт а лығының ұйымдастыруымен өткен композитор Әуезхан Салабеков атындағы «Рақмет саған, туған ел!» атты облыстық ән байқауында аталған аудандық мәдениет үйінің әншісі Ақжан Мамбеталиев 1-орынмен марапатталса, аталған мәдениет үйінің әншісі Төреби Жексембеков белсенді өнер көрсеткені үшін марапатталды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани қазына-2023» мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің республикалық фестивалінің облыстық кезеңінің «Үздік аудандық мәдениет үйінің қызметкері-2023» номинациясы бойынша Төреби Жексембеков жеңімпаз атанды.

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб- 2023» облыстық байқауында үздік мәдени қызмет көрсеткені үшін 1-орынмен Мойынқұм аудандық мәдениет үйіне қарасты Биназар ауылдық клубы марапатталып, ауыл клубына заманауи үлгідегі LED экран мен музыкалық аппарат сыйға тартылды.

Облыстық халық шығармашылығы орт а лығының ұйымдастыруымен өткен «Халықтық» (Үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдарының «Өнер көзі – халықта» облыстық фестивалінде «Үздік ән-би ансамблі» номинациясы бойынша Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Мойынқұм» ән-би ансамблі 1-орынмен марапатталды.

«Мәдениет – асыл қазынам» облыс аудандарының мәдениет күндерінде үздік өнер көрсеткені үшін Мойынқұм ауданы 3-орынға ие болып, аудандық мәдениет үйіне қуаттылығы жоғары музыкалық аппарат табыс етілді.

Марапаттау рәсімінен соң аудан басшысы мәдениет саласымен қатар еңбектері сіңген, ауқымды іс- шараны өткізуге атсалысқан барша мойынқұмдықтарға алғысын білдірді.

Содан соң аудандық мәслихаттың төрағасы құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық мәдениетімізді дамытуға үлесін қосып жүрген әрбір азаматтың еңбегі еселі екенін жеткізіп, алғыс айтты.

 

Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,

журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support