- Advertisement -

«Ауыл аманаты» – өрлеу кепілі

63

- Advertisement -

Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңесті аудан әкімі Әлихан Балқыбеков ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде ауданның бірқатар ауылдық округтерінде жүріп жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының атқарылу барысы қаралды.

Осыған орай, Бірлік ауылдық округінің әкімі Қуаныш Оспанов, Қызылтал ауылдық округінің әкімі Жәнібек Айдарқұлов, Қызылотау ауылдық округінің әкімі Жандос Қуантаев және осы жобаның жұмысын үйлестіруші – аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуандық Төлеубеков бағдарлама бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы баяндады.

Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов әр баяндамаға қосымша түсінік беріп, жұмыс барысын нақты түсіндіріп берді.

Сондай-ақ, 2023 жылғы күзгі әскерге шақыру барысын баяндау үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау тобының бастығы Нұрсұлтан Өсербаев аудан көлемінде Ұланбел ауылдық округінде науқанда тапсырыс толығымен орындалмағанын жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамаларды қорытындылады. Ол: «Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауылдардың дамуына жасалып отырған мүмкіндік. Барлық ауылдық округ әкімдері осыны тұрғындарға жан-жақты түсіндірулері қажет. Ауыл экономикасы дамыса, елді мекендегі әлеуметтік мәселелер де шешімін табады. Сондықтан, жұмысты ширата түсу қажет» дей келе, жауаптыларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support