- Advertisement -

Журналист мойынқұмдықтармен жүздесті

33

- Advertisement -

Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің «Amanat» партиясымен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Оқу-ағарту министрлігімен, Республикалық ардагерлер ұйымы мен «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік- танымдық сайтымен бірлескен «Ауыл аманаты – ел аманаты» атты республикалық экспедициясын басқарып келген Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбаеваны қабылдады.

Қабылдауға аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Жұманазар Көдеков, аудандық аналар алқасының мүшесі Айнаш Боташева, «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Мейірхан Төлеулиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева және БАҚ өкілдері қатысты.

Бүгінгі күнге дейін республикамыздың бірқатар облысын аралап келе жатқан Сәуле Мешітбайқызы әуелі ауданның әлеуметтік-саяси жағдайынан хабар алды. «Соңғы жылдары бұл ауданның жағдайы жақсарып келеді. Аудан басшысы ретінде сіз де аянбай еңбек етіп келесіз. Ауыл шаруашылығын, экономиканы, саясатты жақсы білесіз. Ең бастысы – елге жанашырлық көңіліңіз ерекше. Алдағы уақытта да еңбегіңіз жана берсін. Айтбай Назарбеков пен Жазылбек Қуанышбаев шыққан ауданнан іскер азаматтар шықпауы мүмкін емес»,–деді Сәуле Мешітбаева.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support