- Advertisement -

Көкжелекте музей бөлмесі ашылды

57

- Advertisement -

Мойынқұм ауданы, Көкжелек ауылында аудан тарихы үшін маңызды музей-бөлме ашылды.

Жиында соғыс және еңбек ардагері Қалыбай Айдаушыұлы туралы тебірене сөйлегендер аз болған жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыста Белорусь майданында фашистік басқыншыларға қарсы соғысқан Қ.Айдаушыұлы өжет мінезді, іскер азамат ауылдың аяққа тұруына бір кісідей-ақ үлес қосқан абыз ақсақал болған екен.

Биыл күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратының бір бөлмесіне осы ауылдан шыққан біраз азаматтардың өмір тарихы жайлы сыр шертетін суреттер мен құжаттар, ауылдың отымен кіріп, күлімен шыққан соғыс және еңбек ардагерлері жайлы құнды мәлімет, жәдігерлер қойылған.

Кезінде ауылдың ғана емес, аудан, облыс экономикасының тасын өрге домалатқан еңбек ардагерлерінің өмірі, еңбек жолы жас ұрпаққа қашанда өнеге.

Музейдің салтанатты ашылуына аудан басшысы Әлихан Балқыбеков және ауыл ақсақалдары қатысты. Аталған ауылдың мектебінде білім алған Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының және Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы Сәуле Мешітбайқызы да жиынға арнайы қатысты. «Мен бүгін ауылымыздан осынау музей бөлмесінің ашылғанына өте қуаныштымын. Бұл – тарих. Ол ертеңгі жас ұрпақтың көкжиегін кеңейту үшін керек», деді.

Музей бөлмесінің ашылу салтанатынан кейін «Жантөре» мейрамханасында ас беріліп, өмірден өткен азаматтарға арнап Құран бағышталды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support