- Advertisement -

Жұмыс жоспары талқыланды

55

- Advertisement -

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға кеңес мүшелері, партия атынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты.

Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, партия имиджін көтеру мәселелері талқыланды.

«Ақ жол» партиясы филиалының төрағасы Мұханбетәлі Шалқарбеков кеңес отырысын ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырған соң, партия имиджін көтеру мәселелері туралы айтып өтті.

Жалпы партия беделін көтеруде ақ жолдықтардың қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге белсенді араласуы көп ықпал ететіні түсінікті. Сондай-ақ, түйткілді проблемалардың шешімін табуда партия атынан сайланған мәслихат депутаттарының көтерген депутаттық сауалдарының үлкен рөл атқаратыны анық.

Кеңес отырысында «Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова мәслихат депутаттарының өз міндеттерін орындауда қандай жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды.

Айта кету керек, есепті кезеңде «Ақ жол» партиясы атынан сайланған облыстық, Тараз қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары республикалық деңгейдегі мәні бар мәселелерді көтеріп, 16 депутаттық сауал жолдаған. Ал, фракция отырыстарында 7 мәселе ұсынған.

Сонымен қатар, партияның алдағы Жамбыл облысы филиалының жұмыс жоспары талқыланды.

Жиын соңында Мұханбетәлі Шалқарбеков «Ақ жол» партиясының өңірлік филиалының кеңес мүшелерін, аудандардағы үйлестірушілер мен белсенділерді Алаш идеясын, ұлттық бірегейлікті насихаттауға, Қазақстан мемлекеттілігі мен мүддесін, демократия және парламентаризм ұстанымдарын қорғауға қосқан жеке зор үлестері үшін «Ақ жол» ҚДП Президиумы атынан Qazaq Respublic Alash медалімен марапаттады.

 

«Aq-jol»-Aqparat.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support