- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған инвестициялық және коллекциялық монеталар туралы

15

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) өзінің эмиссиялық қызметі шеңберінде халыққа алтын және күмістен жасалынған инвестициялық және коллекциялық (естелік) монеталардың үлкен таңдауын ұсынады.

Инвестициялық монеталар:

Ұлттық Банк 2023 жылғы 8 қарашада «Көшпенділердің тотемдері» сериясынан KÓKBÓRI инвестициялық монеталарын айналымға шығарды. Жаңа KÓKBÓRI инвестициялық монеталары – ALTYN BARYS және KÚMIS BARYS инвестициялық монеталарына Ұлттық Банк жүргізген ребрендингтің нәтижесі. KÓKBÓRI дизайнында «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясындағы монеталардың стилистикасы қолданылған. Эксклюзивті дизайн KÓKBÓRI инвестициялық монеталарын тек инвестициялық тұрғыдан ғана емес, жинау және сыйға тарту үшін де тартымды ете алады. Инвестициялық монеталар алғаш рет бірнеше нұсқада шығарылатын болды:

– proof сапада алтыннан дайындалған номиналдар – 10, 20, 50, 100, 200 және 500 теңгелік (қорғаныш элементтері, лимитті таралым, кәдесый орамасы)

– uncirculated сапада алтыннан дайындалған номиналдар – 10, 20, 50, 100, 200 және 500 теңгелік

– uncirculated сапада күмістен дайындалған номиналдар – 1, 2, 5 және 10 теңгелік.

– proof сапада күмістен дайындалған номиналдар – 1, 2, 5 және 10 теңгелік (қорғаныш элементтері, лимитті таралым, кәдесый орамасы).

Рroof сападағы алтын және күміс монеталар интерференциялық кедергі жабыны ретіндегі қорғаныш элементін пайдалана отырып жасалған. Сондай-ақ, uncirculated сападағы монеталардан айырмашылығы, бұл монеталар жеке ағаш қорапта, қара (алтын монеталар үшін) және ақ (күміс монеталар үшін) түстермен шығарылады.

Инвестициялық монеталарды шығарудағы негізгі мақсат – халыққа бағалы металдарға жинақ және/немесе инвестициялаудың балама құралын ұсыну.

Инвестициялық монеталардың ерекшеліктері:

  • ұзақмерзімді перспективада инвестициялық табыс табуға болады;
  • монеталарды сатып алу кезінде қосымша құн салығы болмайды;
  • бағалы металдың құрамы 99,99% құрайды (сынамасы 999,9).

Ұлттық Банк филиалдары инвестициялық монеталарды монетадағы химиялық таза бағалы металдың салмағына қарай есептелген баға бойынша, сондай-ақ LBMA (Лондон құймалар нарығы қауымдастығы) бағалы металдардың таңғы фиксингімен кері сатып ала алады.

KÓKBÓRI инвестициялық монеталардың сатуға шығарылатын күніне қатысты ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларында қосымша орналастырылады.

Коллекциялық монеталар:

Коллекциялық (естелік) монеталар – бұл жоғары сапалы алтын және күміс монеталар, сонымен қатар бағалы емес металдан жасалған естелік монеталар, олар шектеулі шығарылымда және әртүрлі тақырыптарда шығарылады. Олар достар мен туыстар үшін керемет сыйлық бола алады. Монеталар Ұлттық Банктің нөмірлік сапа сертификаттары бар кәдесый орамында үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады, оларда қорытпаның сынамасы, монеталардың массасы, мөлшері және тиражы туралы мәліметтер болады.

Ескере кететін жағдай, коллекциялық монеталардың түрлері бойынша сатылымға шығатын күні Ұлттық Банктің ресми сайтында қосымша хабарланады және қазіргі таңда, коллекциялық монеталар «Монеталардың интернет-дүкенінде» сатылады.

«Рroof» сапасындағы күміс және алтыннан жасалған Ұлттық Банктің коллекциялық монеталарының бағалары, түрлері және сатып алу тәртібі туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://nationalbank.kz ресми интернет-ресурсындағы «Ұлттық валюта» бөлімінде алуға болады.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support