- Advertisement -

Жүйелік кемшілік көп

19

- Advertisement -

Облыс бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Қордай ауданында жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақыттылығы және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит қаралды.

Аудиторлық іс-шараны жүргізген тексеру комиссиясының мүшесі Бағлан Дүрімбетовтің айтуынша, мемлекеттік аудитпен 16 аудит объектісі қамтылған. Нәтижесінде 12 431 971,9 мың теңгенің бұзушылықтары, бұл активтерді пайдалану кезінде орын алған 7 273 166,3 мың теңгені қоса есептегендегі бұзушылықтар екені анықталған.

Оның ішінде 11 143 999, 2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және кәсіпорынның даму жоспарларында қарастырылмаған қаржы бұзушылығы 159 089 мың теңге, 117 бірлік анықталған рәсімдік бұзушылықтар. Сонымен қатар, 916 219,4 мың теңге тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты, 170 912,8 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты.

–Анықталған қаржылық бұзушылықтардың ішінде қалпына келтіруге жататыны 11 303 088,2 мың теңге, өтелуге жататыны 30 280 мың теңге. Аудиторлық іс-шара барысында қызметкерлерге негізсіз еңбекақылар, сауықтыру жәрдемақылары, іссапар шығындары, сыйақыларды артық төлеу, бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштеріне толық қол жеткізбеу, шарттық міндеттемелерді орындау бөлігінде, сонымен бірге жүйелік кемшіліктердің болуы, тиімсіз орындалу, бюджет қаражаты мен мемлекеттік мүлікті тиімсіз басқару бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Жол берілген бұзушылықтардың негізгі себептері – ішкі бақылаудың тиісті жүйесінің болмауынан, нормативтік-құқықтық актілердің сақталмауынан орын алған, – дейді Бағлан Дүрімбетов.

Анықталған кемшіліктерге байланысты сөз сөйлеген Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбек аудан әкімдігінің алқасында да бұл мәселелер қаралып, жіберілген әрбір қателік қаралатынын айтты. Соған қарай тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы қаулы қабылдап, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support