- Advertisement -

Рәмізге құрмет – міндет

30

- Advertisement -

Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында аудандардағы мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен қолданылуына жүргізілген зерделеу қорытындысы қаралды. Оған облыс әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен мен комиссия мүшелері, спорт, мәдениет, білім басқармасының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік рәміздерді орналастыру, еліміздің Туы мен Елтаңбасына қатысты заң талаптарының орындалу барысы қаралды. Әйткенмен, олқылықтар да жоқ емес. Мәселен, аудандар мен қаладағы мектеп, балабақша, мәдениет үйлері, ауылдық округ әкімдіктері және тағы да басқа ғимараттардағы Мемлекеттік Тулар сөгіліп, тозған, өңі кеткен. Енді бірінде Елтаңба орнатылған маңдайша сырылған болса, кейбірінде Елтаңба мүлде орналастырылмаған. Сондай-ақ, Тусабындағы ұштық сынып, енді бір мекемеде мүлде бекітілмеген. Ал, тағы бір орталықта ұштықтың көлемі мемлекеттік стандартқа сай емес екендігі анықталған. Аталған мәселе бойынша жасалған ескертулерден соң, мемлекеттік рәміздердің жыртылуы, кірленуі, тозуы бойынша анықталған кемшіліктердің бірқатары зерделеу жұмыстары аяқталғанға дейін бір жұмыс күні ішінде түзетіліп, қалпына келтірілген.

– Рәмізге деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жыл бойы тұрақты ұйымдастыру қажет. Тараз қаласымен аудан әкімдіктері тарапынан ұйымдастырылатын әдістемелік семинар санын арттыру қажет. Жылына екі рет комиссия отырысының өтуін қамтамасыз ету керек. Осы жылдың қараша айының 20-24 аралығында облыстың мемлекеттік рәміздерді пайдалану саласындағы қызметіне кешенді мониторинг жүргізу жоспарлануда. Осыған орай, мекемедегі мемлекеттік рәміздер мен құжаттарды ретке келтіру және инспекциялық топтың жұмысына қолдау білдіру маңызды, – деді Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдануына жүргізілген мониторингілеу қорытындысы туралы баяндамасында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова.

Отырыс барысында ұсыныстар айтылып, кемшіліктер анықталған мемлекеттік ұйымдардың басшыларына осы мәселені жолға қойып, олқылықтардың орнын жою бойынша тапсырма берілді.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support