- Advertisement -

Армияның абыройы – артиллерия

81

- Advertisement -

4 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ЗЫМЫРАН ӘСКЕРЛЕРІ МЕН АРТИЛЛЕРИЯ КҮНІ. ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ДИРЕКТИВАСЫМЕН 2000 ЖЫЛДЫҢ ДӘЛ ОСЫ КҮНІ ЗЫМЫРАН ӘСКЕРЛЕРІ МЕН АРТИЛЛЕРИЯ ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫ ҚҰРЫЛҒАН БОЛАТЫН.

Бұл күн жақында ғана мерекеге айналғанымен, зеңбіректері майдан шебінен алыс жерде орнатылған, бірақ снарядтары өте алыс қашықтықтағы нысанаға да жетуге қабілетті қазақстандық әскери қызметкерлердің кәсіби мерекелерінің қатарына мықтап енді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының артиллеристері кәсіби мерекелерін майдан даласында атап өтуде. Бір айдан астам уақыттан бері өңірлік қолбасшылықтың барлық артиллериялық бөлімшелерінің әскери қызметшілері Гвардиялық гарнизонның «Мәтібұлақ» полигонында болып, олар мақсатты түрде жауынгерлік дайындық тапсырмаларын іс жүзінде пысықтауда.

– Артиллериялық бөлімшелердің далалық сапары әрқашан ұзақ. Міне, осылайша біз уақыт пен ресурстарды оңтайлы пайдаланамыз, полигонда оқу кезеңінде алған теориялық білімімізді практикалық атыс кезінде толықтай тәжірибе жүзінде қолданамыз», – деп түсіндіреді лагерьдегі оқу бөлімінің және артиллериялық штабтың бастығы, полковник Нұрлан Сәрсенбаев.

Міндеттерін тәжірибе жүзінде орындау үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық гарнизондардың әскери бөлімдерінің артиллеристері «Мәтібұлақ» полигонына келді. Тараз және Шымкент гарнизондарының механикаландырылған бригадаларынан миномет бригадалары мен гаубицалық бөлімшелер келді. Полигонға практикалық жұмыс істеу үшін Сарыөзектен артиллериялық бригада, Арыс гарнизонынан жеке артиллериялық дивизия қатысты.

– «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басқа артиллериялық бөлімшелерімен салыстырғанда біздің артиллериялық бригадада полигонға ең төте бізге тиесілі болды, себебі біздің бөлім тікелей Гвардиялық гарнизонда, «Мәтібұлақ» полигонынан бірнеше шақырымдай ғана жерде орналасқан. Бірақ біздің артиллеристер үшін далалық жорық ең маңызды оқиға болып саналады, өйткені оқу-жаттығу бәсекелестік рухында өтіп жатыр, оның қорытындысы бойынша ең мықты артиллериялық бөлімшелер анықталады және біздің жігіттер ерекшеленуге бар күш-жігерін салуда, – деді 82796 әскери бөлім командирі, подполковник Дәулет Жорғатаев.

Бәсекеге қабілеттілік оқу-жаттығу жиындары кезінде бөлімшелердің жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындауда анық байқалды. Оларды іске асыру нәтижелері командирлердің сауаттылығына және артиллериялық атыс сапасын бақылауына, жауынгерлік экипаждардың үйлесімділігіне байланысты болды. Бір ай бойы «Мәтібұлақ» полигонын да зеңбіректердің, гаубицаның, минометтердің және бірнеше зымырандық кешендердің атылған дыбыстары тынымсыз естілді. Артиллерияшылар атыстарды бағыттау дәлдігінде ғана емес, сонымен қатар қондырғылар мен жүйелерді орна ластыру жылдамдығында, позицияларды тез өзгертіп, жаңасына қайт адан орна ласу шеберлігін көрсетті.

– Ұлы Отан соғысы жылдарында да артиллерия «соғыс құдайы» деп аталды, өйткені әскерлердің шабуылының басталуы да, ұрыстың нәтижесі де артиллериялық атысқа байланысты болды. Ал біздің заманымызда артиллерия шайқаста өз орнын жоғалтқан жоқ. Керісінше, оның рөлі артып, мүмкіндіктері кеңейіп, нығая түсті. Және бұл көп жағдайда жаңа әдістер мен тәсілдердің, басқарудың жаңа жүйелерінің пайда болуымен, барлау мен артиллериялық атыстарды реттеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын енгізумен байланысты, – деп атап өтті Артиллерия штабының бастығы, полковник Нұрлан Сәрсенбаев.

«Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонында артиллериялық бөлімшелермен тәжірибелік шара аясында тұрақты артиллериялық атысты бақылаушылар жиыны өтті. Бұл жиынның жетекшісі «Оңтүстік» РҚК зымыран әскерлері мен артиллериясының аға офицері, подполковник Федор Янин болды. Командирлер тарапынан қай жерде атуға бағыт беру артиллерия жұмысында өте маңызды компонент болып табылады. Полигондағы артиллеристтердің лагерьдегі дайындығы мен практикалық жұмысы барлық санаттағы әскери қызметшілерге практикалық тәжірибелерін арттыруға мүмкіндік берді. Жауынгерлер далалық дайындықтары мен шеберліктерін арттырды, ал командирлер бөлімшелерді басқару сапасын жоғарылатты. Жауынгерлік даярлықтың практикалық тапсырмалары мен нормативтерді орындау және артиллериялық қарудың барлық түрінен ату бойынша бір айлық үздіксіз жұмыс артиллериялық бөлімшелердің әскери қызметшілері үшін өзіндік емтихан болды. Ал бұл емтихан артиллерияшылардың кәсіби мерекесі – Зымыран әскерлері мен артиллерия күнімен тұспа-тұс қорытындыланды. Лут Альчекенов, Руслан Шпекбаев, Асқар Жоламанов, Тілек Серікпаев, Дәурен Есхожин, Виктор Кашоид сынды артиллерия офицерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы артиллериясының жан-жақты берілгендігінің, Отанға аянбай қызмет етуінің және әскери борышына адалдықтың үлгісі болып табылады.

«Қазақстан Қарулы Күштерін, оның ішінде зымыран әскерлері мен артиллерияны құрудың бастауында тұрған офицерлер кәсібіне және әскери ісіне деген адалдығымен жас әскери қызметкерлерге нағыз артиллерист қандай болу керектігін көрсетті. Олар тек қажырлы еңбек арқылы ғана кәсіпте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болатынын және артиллерист деген атқа ие болғанын мақтан тұтатынын іспен дәлелдеді», – деп атап өтті шара барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал- майор Мереке Көшекбаев.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support