- Advertisement -

Жастардың құқықтық сауаттылығы артады

31

- Advertisement -

Жамбыл медициналық жоғары колледжінің мәжіліс залында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған жиын өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру. Жастар ортасында құқық қорғау органдарының, әскери және қорғаныс істері қызметінің оң имиджін қалыптастыру, сенім деңгейін арттыру.

Аталған жиынға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының заңгер-ғалымдары мен студенттері және облыстық прокуратура, полиция департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі облыс бойынша департаменті, мемлекеттік қызмет істері мен құзырлы органдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен өткізілген жиыннан жастар мол мағлұмат алды.

Құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйым өкілдері бас қосқан кездесуде адам құқығы мен жастардың заң өкілдеріне деген сенімділігін арттыру жөнінде әңгіме өрбіді. Бүгінгі буын өз құқығы мен заң алдындағы жауапкершілігін қандай дәрежеде сезініп жүргендігі жайлы сөз болды.

Іс-шара соңында арнайы келген қонақтарға жастар сұрақ қойып, құзырлы орган өкілдері олардың сұрақтарына өз саласы бойынша қажетті жауап қайтарды.

 

Нұржан ӘЛІШ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support