Тұтынушы құқығы қалай қорғалып жүр?

Тұтынушы құқығы қалай қорғалып жүр?
ашық дереккөз
Тұтынушы құқығы қалай қорғалып жүр?
Өңірлік коммуникациялар алаңында Сауда және интеграция министрлігінің Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Ол өз кезегінде өңірлік баспасөзі, ақпарат құралдары, радио, теледидар мен әлеуметтік желілерде инстаграм және фейсбук желілерінің беттерінде материалдарды орналастыру арқылы халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтып өтті. 8 айда әлеуметтік желілерде 153, баспасөз ақпарат құралдарында 11 материал жарияланған. Байқадам Еркінбекұлы осы кезеңде жоспардан тыс 10 ірі және кіші кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізілгенін айтты. Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша заңсыз бағаны көтеру фактілерімен күресу жұмыстарын атқаруда. Атап айтқанда, жыл басынан бері 26 тексеріс жүргізіліп, оның ішінде 15 кәсіпкерлікке ескерту беріліп, 2 айыппұл салынған. Ірі сауда желілері «Вкусная корзинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сауда желісіне тауық жұмыртқасының үстеме бағасын 16,9 пайызға асырғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша ескерту беріліп, бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар, «Вкусная корзинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне витриналарында қойылған, құны бағалар жапсырмасымен рәсімделген бағадан кассада асырып сатылған фактілер бойынша әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша айыппұл салынды. Департамент облыс бойынша азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және заңсыздықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде, – деді Б.Дүйсенбаев. «Азаматтық құқықтарды қорғау комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ирина Федорова сөз кезегінде «Азаматтық құқықтарды қорғау комитеті» қоғамдық бірлестігі консультативтік, құқықтық, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында да көмек көрсететінін жеткізді. «Мақсатымыз тұтынушы құқығын қорғау болғандықтан, өз тарапымыздан шарттық міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау бойынша жұмыстарды жіті бақылауда ұстайтын боламыз», деді ол. Жиын соңынан спикерлер журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.  

Ғайникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар