- Advertisement -

Инвестициялық жобалар таныстырылды

70

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар жобалар қаралды. Атап айтқанда, «Altynalmas Reagents» ЖШС-ның директоры Уәлихан Атагелдиев «Натрий цианидін өндіру» бойынша инвестициялық жобасын жүзеге асырудағы бірқатар мәселелерді шешіп беру бойынша көмек сұраса, «Arion Invest Eco-Plast» ЖШС-ның өкілі Әлібек Сүлейменов «Тараз ХимПарк» АЭА «Полипропилен қаптарын шығаратын зауыт салу» бойынша инвестициялық жобасын таныстырды.

Ал, «ADS Industries» ЖШС-ның өкілі Сәкен Арапбаев «Тараз ХимПарк» АЭА электр энергиясын өндіру үшін «Газ генератор станцияларын салу» бойынша инвестициялық жобасын ұсынды.

Нұржан Нұржігітов облыс экономикасы үшін тиімді жобаларға жергілікті билік заң аясында, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қажетті қолдау шараларын барынша көрсететінін жеткізді. Жауапты тұлғаларға кейбір мәселелердің шешу мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру бойынша тапсырмалар жүктеді.

Аймақ басшысы инвесторларға өздері тарапынан құжаттама жұмыстарын тезірек реттеп, құрылыстарды ертерек бастау керектігін айтты.

Сондай-ақ, облыс әкімі инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтуға бағытталу қажеттігін баса айтты.

 

«Aq jol»-Aqparat.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support