Неке сыры мен бесік жыры

Неке сыры мен бесік жыры
ашық дереккөз
Неке сыры мен бесік жыры
Өмірдің түпкі мәнінің бала сүйіп, ата-ана атануда екенін жастайынан көңіліне тоқып, жан- жүрегімен түйсініп өскен жас өзінің де тұқымын өсіріп, артына өлмейтін із қалдыруға тырысады. Бас құрап, отау тігеді. Отбасы пайда болады. Отағасы үйдің егесі, отанасы шегесі болады. Ері тату- тәтті шаңырақтың иесіне айналса, зайыбы киесіне айналады. Нағыз құндылық – осы. Ұлттық құндылығымыздың түп-тамыры – отбасылық құндылық. Бірақ, бұл байлығымыз өз бағасын сақтай алса ғана қымбатты болмақ. Өз құнын білсе ғана қадірі артпақ. Жанұяда он шақты ұл, моншақты қыз туылып қана қоймай, олардың асық ойнайтын ұл, қасық жинайтын қыз дәрежесіне жетулері үшін ата-анадан аса үлкен жауапкершілік талап етіледі. Алайда, барлық ата-ана бірдей емес. Олардың көзқарастары, түсінік, ұстаным, талғам, қажеттілік, дағдылары да сан алуан. Әлеуметтік хал-ахуалдары да әр қилы. Мұндайда проблемаларды өздігінен шешуге қауқарсыз отбасыларына қоршаған ортасы, қоғамы, мемлекеті көмекке келмесе қиын-ақ. Жер жүзіндегі қай елдің, қай мемлекеттің болмасын, ең басты қазынасы – адам және оның өмірі. Бұл дәлелдемені қажет етпейтін аксиома. Соның ішінде, қоғамның түрлі тобының арасында әлеуметтің ең әлсіз санатына жататыны – ана мен бала. Оларға деген қамқорлық та, қолдау да өркениеті дамыған барлық елдердің өзін әлеуметтік деп жариялаған мемлекеттеріндегі басты заңдары – Конституциясында ұдайы һәм жүйелі жүргізіледі. Ана мен баланы қорғаудың заңнама лық негіздері көптеген мемлекеттердің Конституцияларында, арнайы қабылданған Еңбек, Отбасы кодекстерінде, бірқатар заңдарда, атап айтқанда, «Денсаулық сақтау туралы», «Бала құқықтарының кепілдіктері туралы» Заңдарда және өзге де заңнамалық актілерде көрсетілген. Ана мен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік және денсаулық жағдайын жасау туралы түрлі қорлар, кеңестер мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Соңғы уақытта қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде көптеген елдерде өмір сүрудің орташа жасы өсіп, аналар мен балалар арасындағы өлім-жітім көрсеткіштері төмендеген. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау шеңберінде аналар мен балалардың денсаулығын қорғаудың мемлекеттік модельдері қалыптасты, оның жоғары тиімділігін түрлі елдердің сарапшылары атап өтуде. Осылайша ана мен бала құқықтарын қорғау жөніндегі кешенді іс-шаралар ел тұрақтылығының негізін қалайды, отбасылық дәстүрді сақтауға бағытталған шаралар жалпы қоғамның дамуына оң әсер етеді. Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса, ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Ол саладағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі құқықтық база мен іске асыру механизмдеріне келіп тіреледі. Бүгінгі таңда әлем елдерінде осы саланы тиімді реттеуге мүмкіндік беретін нормативтік- құқықтық база іске қосылған. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттеріндегідей, Орталық Азия аумағындағыдай Қазақстанда да ана мен баланы қорғау саласында реформалар ке зең-ке зеңімен іске асырылып келеді. 2020 жылғы қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі отбасылық-демографиялық ахуал алаңдаушылық тудырып отырғанын айтып, отбасылардың бала сүйе алмауы, ажырасу санының артуы, толық емес отбасы, некесіз бала туу, балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне бұдан да қатты мән берілуі тиіс екендігін алға тартты. Президент балаларға қатысты жыныстық әрекет үшін қылмыстық жазаны қатаңдатуды тапсырды. Кез келген азаматтық қоғамдағы халқының құқығы мен бостандығы бірінші кезекте қорғалуы шарт өркениет қағидаттарына сәйкес, Қазақстанда бұл бағытта нақты қалыптасқан жүйе, реттеу тетіктері жолға қойылған. Ана мен бала құқығын қорғау – Қазақстанның әлеуметтік саясатының басым бағытының бірі. Бұл мәселемен айналысатын орталықтар мен мекемелер елімізде аз емес. Бүгінде ре спубликамыздағы 6 миллионнан астам баланың әрқайсысы да тегін орта білім, медициналық көмек алуға құқылы. Ол заңмен кепілдендірілген. Сонымен қатар, әрбір бала ой-пікір, ар-ождан тіпті дін еркіндігіне де, өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға, тынығуға, мәдени демалуға құқылы. Кәмелетке толмағанына қарамастан, ешкімнің де баланы ұрып жазалауына, кемсітіп, қорлауына жол берілмейді. Мұның барлығы ең алдымен әлемнің өркениетті елдері қол қойған «Бала құқықтары туралы халықаралық конвенцияда» қарастырылған. Сондықтан, Қазақстан да әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде, өзіне белгілі бір деңгейде жауапкершіліктер алып, осы құжатқа қол қойған соң, оның талаптарының өз елінің аумағында мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге, аталған құқықтың қорғалуын қадағалауға міндетті. Өкінішке қарай, өмір есігін ашқан әрбір баланың маңдайына толық отбасында өмір сүру, ата-ананың тәрбиесін бірдей көріп өсу жазыла бермейді. Бұл бүкіл әлемде кездесетін келеңсіз жайт және Қазақстан қоғамы да одан тысқары емес. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазір елімізде 23 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, олардың тек 4 мыңы ғана балалар үйінде тұрады. Балалар үйінің саны жылдан жылға азайып келеді. Тек кейінгі 10 жылда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 114 ұйым жабылды, 96-сы жұмыс істеп тұр. Кейінгі 10 жылда осы ұйымдардың тәрбиеленушілерінің және жалпы жетім балалардың контингенті 10 мыңға қысқарған. Бұған тиісті толықтырулар мен оң өзгерістерді қабылдап, жылдан жылға жетіліп келе жатқан мемлекеттік әлеуметтік саясаттың да үлесі бар екені даусыз. Ана мен бала құқығына республикамыздың «Неке және отбасы туралы» Кодексінде де терең мән берілген. Еліміздің Жоғарғы Сотының «Соттардың некені (ерлі- зайыптылықты) бұзу туралы істерді қараған кезде заңнаманы қолдану туралы» қаулысын негізге ала отырып, ерлi-зайыптылардың некелері бұзылған жағдайда кәмелетке толмаған балаларының мүддесi мен құқығын қорғау үшiн барлық шара қолданылады. Тіпті, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 147-бабында, ерлі-зайыптылардың бірін-бірі күтіп- бағу жөніндегі міндеттері белгіленген. Неке бұзылған жағдайда ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті және ерлі-зайыптылардың біреуі бұрынғы жұбайынан алименттер өндіріп алуға талап қою арызымен сотқа жүгінуіне болады. Одан бөлек, «Неке (ерлі- зайыптылық) және отбасы туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiнің қорғалу жолдары көрсетілген. Бұл бойынша кәмелетке толғанға дейiн әрекетке толық қабiлеттi деп танылған кәмелетке толмаған баланың өз құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға хақы бар. Балалар мәселесін үнемі басты назарда ұстайтын Президентіміз өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы жалпыұлттық міндет екенін айтып, 2022 жылды Қазақстанда «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Мемлекет үшін балалардың ең алдымен қаржылық- материалдық қамтамасыз етілуі басты шарт. Бұл орайда, Мемлекет басшысының Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының 50 пайызын 18-ге толмаған балалардың жеке шоттарына аудару туралы ұсынысы қоғамның қызу қолдауына ие болды. Бұл балаларымыздың болашағына үлкен қолдау және кепілдік. Сондықтан, енді жиналған ақшаны пайдалану құқығы келмей тұрып, 18 жасқа толғанға дейін дені сау, білімді, әдепті тұлға тәрбиелеуіміз керек. Сонымен қатар, балаларды олардың құқықтарын бұзатын нәрселерден қорғауға тиіспіз. Биыл 1 қаңтардан бастап бала күтіміне қатысты төлем 1,5 жасқа дейін ұзарғанын да қуана тілге тиек етуімізге болатын біздің еліміздегі заң талаптарына сай, аналардың да лайықты білім алып, түрлі салада қызмет жасауына, мансаптық тұрғыда көтерілуіне ешкім шектеу қоя алмайды. Алайда, айналасына күш көрсетіп, өзінің отбасын ойрандайтын ер- азаматтардың әлімжеттік әрекеттері көптеп кездесетін бүгінгі қоғамның шындығы бірінші кезекте отбасындағы әйел-ананың құқығы мен бостандығы мәселесінің өткір тұрғандығын көрсетеді. Жалпы, отбасында келеңсіздіктердің туындауына ықпал ететін негізгі фактордың қатарына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, атап айтқанда, тұрмыстық жетіспеушілік, жұмыссыздық, одан туындайтын материалдық деңгейдің төмендігі, маскүнемдік, жүргіштік сияқты құбылыстар жатады. Ресми дерек бойынша елімізде жыл сайын отбасындағы зорлық-зомбылықтан 400- ден астам әйел көз жұмады екен. Әрбір өлімнің соңында – жетім бала, ойраны шыққан отбасы, түрмеге қамалған ер- азамат сынды жағымсыз салдар тұрады. Статистика сондай-ақ, соңғы 5 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан болатын денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру фактісінің 2 есе өскенін көрсетеді. Яғни, бұл, үйдегі отбасы мүшелерінің, көбіне әйелдердің қол-аяғы сынып, басы жарылады дегенді білдіреді. Мысалы, былтыр елде барлығы 157 884 қылмыс жасалса, оның 61 464-і отбасылық әлімжеттілік. Бұл көрсеткіш әсіресе пандемия кезінде шарықтау шегіне жетіпті. Бірақ, әсіресе соңғы жылдарда қоғамның өзара ақпарат алмасуы, соның ішінде әлеуметтік желілердің танымал болуы мұндай құқықбұзушылықтардың тез және кең көлемде әшкере болуына ықпал етті. Соның нәтижесінде елімізде отбасында зорлық-зомбылық құрбанына айналғандар үшін көмек алудың арнайы алгоритмі әзірленді. Құрбан болған жан бірден «102» нөміріне хабарласып, полицияға зорлық көргені туралы ауызша арыз бере алады немесе «Qamqor.gov.kz» порталы арқылы онлайн өтінім беруге мүмкіндігі бар. Тәулік бойына қызмет көрсететін сенім телефондары арқылы психологиялық және құқықтық көмек, сондай-ақ, жергілікті учаскелік инспектордың, дағдарыс орталықтары мен басқа да қажет ұйымдардың байланыс нөмірі туралы нақты ақпарат алуға болады. Ескеретін ең басты нәрсе – хабарласқан адамның аты-жөні мен істің мән-жайы туралы деректердің құпия болатынына кепілдік беріледі. Одан бөлек, «Дағдарыс орталықтары» жобасы қолға а лынып, бүгінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көптеген өңірде өнімді жұмыс атқарып келеді. Қазіргі 44 орталықтың жұмысы бірінші кезекте тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық, моральдық, материалдық көмек көрсетуге бағытталған. Аталған орталықтарға негізінен аналар мен кәмелет жасына толмаған балалар көптеп хабарласады. Отбасы мүшелерінің, жоғарыдағыдай жағдайда көбіне-көп аналар мен балалардың денсаулығына, өміріне қауіп төнсе осы орталықтарға хабарласып, сол жерде уақытша тұруға мүмкіндіктері бар. Президент жанынан құрылған «Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөнiндегi Ұлттық комиссия» да ана мен баланы қорғау мәселесін үнемі өз назарында ұстап келе жатқан органдардың бірі. Былтыр қарашада Астана қаласында өткен «Қазақстан дамуының жаңа с атысындағы отбасылық- демографиялық және гендерлік саясат» атты халықаралық ғылыми конференция мемлекеттің маңызды тірегі ретінде отбасы институтын және ұлттық даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде отбасы саясатын күн тәртібінде ұстады. Президенттің тапсырмасымен Үкіметке де жыл сайын ана мен баланы қорғау, отбасының әл- ауқаты саласындағы заңнамалық және институционалдық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша міндеттер қойылады. Әрине, кез келген отбасында баланың өміріне ең бірінші жауапты тұлға – оның ата-анасы. Олар өздері өмірге әкелген баланың өмірі мен денсаулығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ете білулері қажет. Ал мемлекет жалпы әлеуметтік саясат шеңберінде, олардың қоғамның тең құқылы мүшесі ретіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасауды жалғастыра бермек. Елімізде ана мен баланың құқығын қорғауды, баланың тегін орта білім алып, әрбір әйелдің жақсы жұмысқа ие болуын, әсіресе әйелдердің саяси карьера мен бизнестегі әлеуетін арттыруды қамтамасыз ететін механизм бар. Ендігі жердегі басты міндет – осы талаптардың дұрыс орындалуын іске асыра білу. Мемлекет басшысы биыл, яғни 15 мамырда Астанада өткен «Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық форумына қатысушы ата-аналар қауымына жолдаған сөзінде «Мықты және бақытты отбасы – келісімді қоғамның негізгі құрамдас бөлігі және мемлекеттің сенімді тірегі. Ең жақын адамдарының үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында адам мен азаматтың бойындағы отаншылдық пен жауапкершілік, инабаттылық пен үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс сияқты қасиеттер тәрбиеленеді. Жақын ортада адамның биік адамгершілік ұстанымдары мен гуманистік мұраттарға негізделген дүниетанымының негізі қаланады», – деген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өз тамырын білу, отбасылық дәстүрді құрметтеу халқымыздың өзіндік санасында әр уақытта ерекше орын алған. Ал, бүгінде олар ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мемлекет пен қоғамның міндеті – отбасы институтын нығайту және өскелең ұрпақты жан-жақты дамытуы үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Ел Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты былтырғы сайлауалды бағдарламасында республика бойынша «50 балалар сауықтыру лагерін құру» міндеті көзделгені е сімізде. Президент тапсырмасы бойынша бүгінде оқушылар сарайларын салу, кемінде жиырмаға жуық оңалту орталықтарын, аутизм орталықтарын ашу секілді балаларға арналған көптеген жоба іске асырылып жатыр. Бос инфрақұрылымдарды қажет ететін бағыттар да бар. Балабақшалардың қажет екені де сөзсіз. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында облысымызда да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірімізде 1260 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оларға 18 отбасылық үлгідегі балалар үйі және өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, облыстық жасөспірімдер үйі, №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы, «Үміт» бөбектер үйі арқылы қызмет көрсетіліп отыр. Былтыр 1 маусымнан бастап өңірде бір мезгіл тамақтанумен мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істепті. 31940 баланы қамтыған мектептер жанындағы 394 лагерьде тегін тамағы қарастырылған 29314 көпбалалы, аз қамтылған отбасының балалары, ата-анасының демеушілігімен 2626 оқушы демалған. Қала сыртындағы 11 сауықтыру лагерінің 8-і жұмыс істеген. Оның ішінде 4 мемлекеттік («Балауса», «Жұлдыз», «Жұрындысай» және Ә.Молдағұлова атындағы лагерьлер), 4 жекеменшік («Болашақ», «Берікқара», «Тау самалы», «Қазфосфат» ЖШС- на қарасты «Жұлдыз») лагерьлерге көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан 7683 бала барған. Тіпті, «Тау самалы» лагерінде өткен жылы Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау өңірлерінен келген 217 бала демалыпты. Биылғы жаз мезгілінде облыстағы жалпы 9 сауықтыру лагерінде 9014 бала демалған. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмаларын орындау бағытында да өңіріміз бірқатар кешенді ілгерілеушіліктерге қол жеткізді. Ақпан айында Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз қалаларындағы «Президент үйлерін» мектеп, балабақша немесе сауықтыру лагерьлеріне айналдыруды ұсынған болатын. Ел болашағы – балалардың игілігі үшін көтерілген бастама біздің өңірімізде өрісін тапты. Аталған тапсырма аясында жақында ғана Жамбыл жұртшылығы аймақтағы бұрынғы Президент резиденциясының балаларды оқыту-сауықтыру орталығына айналдырылғанының куәсі болды. Бұл – «Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-Ана», «Отан-Ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар. Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесінен басталады. Әр баланың жетістігі – ана махаббатының жемісі. Ұлы Абай айтқан «Толық адамға» тән асыл қасиеттер ұрпақтың бойына ана арқылы дариды. Қазір еліміз дамудың маңызды кезеңіне қадам басты. «Әділетті Қазақстанды» құру үшін ауқымды реформаларды қолға алдық. Ең бастысы, ел ішінде отаншылдық, мемлекетшілдік рух мықты болуы керек. Біз көк Байрағымызды биік ұстайтын, білімді, ұлтжанды ұрпақ өсіруіміз керек», – деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына орай мемлекет тарапынан балалардың болашағы үшін жасалған үлкен қамқорлық деп білеміз.  

Үміт БИТЕНОВА

Ұқсас жаңалықтар