- Advertisement -

Баламалы энергия станцияларының саны артады

103

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Астана қаласында өткен Жаңартылатын энергия көздері және Қазақстан ғылымын дамыту бойынша Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы бойынша II конференциясына қатысты.

Іс-шара аясында Нұржан Нұржігітов «China Power International Development Limited» директорлар кеңесінің төрағасы Хэ Си мырзамен кездесу өткізіп, бірқатар мәселелерді және алдағы өзара ынтымақтастық жоспарларын талқылады.

Сонымен қатар, аталған конференция барысында облыс әкімі баяндама жасап, өңірдегі жаңартылатын энергия саласындағы жетістіктер мен көзделген жобалар туралы айтып өтті.

– Жамбыл облысы өзінің қолайлы табиғи-климаттық жағдайына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерінің қуаттылығы бойынша еліміздегі жетекші орынға ие. Қазіргі таңда облыста жалпы қуаттылығы 451,3 мегаватты құрайтын 21 жаңартылатын электр энергия нысаны бар болса, бұл республикалық көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Нақтырақ айтсақ, өңірде 6 су, 9 жел және 6 күн электр станциясы орналасқан. Біз алдағы уақытта бұл саланы одан әрі серпінді дамытуға күш салатын боламыз. Бұл орайда, өңірде жаңартылатын энергия көздері нысандарын дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды картасы әзірленген. Соған сәйкес, жаңартылатын энергия көздерінің санын 32 нысанға дейін көбейтіп, олардың жалпы қуаттылығын 3,2 гигаватқа жеткізу жоспарлануда, – деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, өңір басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастық жыл сайын нығайып келе жатқандығын атап өтіп, өзара байланыс екі елдің де тұрақты дамуы және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту стратегиясына бағытталғандығын баса айтты.

Қытай елі жаңартылатын энергия көздері саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде біз үшін тиімді мол тәжірибе мен озық технологияларға ие. Сондай-ақ, Жамбыл облысы табиғи ресурстардың бай қорына ие аймақ ретінде баламалы энергия көздеріне инвестиция салуға барынша дайын. Бұл өз кезегінде Қытай инвестициясы мен технологиялары үшін қолайлы жағдай болып табылады.

Атап өтерлігі, осы жылы облыс аумағында жалпы құны 49,4 миллиард теңгені құрайтын «China Power International» компаниясының қуаты 100 мегаватт болатын «Шоқпар ЖЭС» нысанын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған компания 2024-2027 жылдары Сарысу ауданында қуаты 1 гигаватт болатын жел электр станциясын да салу жобасын іске асыруды көздеп отыр. Осы кезең аралығында облыста жаңартылатын энергия көздерінің тағы екі ірі халықаралық жобасын іске асыру күтілуде.

– Бұл жобалар толығымен жүзеге асқан жағдайда, облыстың жаңартылатын энергия көздерінің нысандары еліміздегі күн, жел және су арқылы өндірілетін барлық электр энергиясының 40 пайызын қамтамасыз етеді деп жоспарлануда. Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың 18 мамырында Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына сапары барысында өзара түсіністік пен инвестициялық жобаларды іске асыру туралы Меморандумға қол қойылды. Олардың қатарында «SANY Renewable Energy» компаниясының жел турбиналарына арналған компоненттер өндіру зауытын салу жобасы да бар. Зауыт жылына 200 мұнара жиынтығын өндіреді. Инвестициялардың жалпы көлемі 53 миллион АҚШ долларына тең, – дей келе Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысы инвесторлар үшін әрдайым ашық әрі жан-жақты диалогқа дайын екендігін жеткізді.

 

Астана қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support