- Advertisement -

Жайылмада жарқын істер жетерлік

85

- Advertisement -

Тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округі қатысып отыр. Округте аталған бағдарлама бойынша 925,9 миллион теңгеге 164 жобаны іске асыру жоспарланған. Аталған жоба бес бағыт бойынша жүргізіледі. Бүгінде «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 1,3 миллиард теңгеге 197 өтінім тапсырылған.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз брифингінде округ әкімі Жандарбек Смағұлов мәлімдеді.

– Үй іргесінде егістік жерлерді игеру бағыты бойынша жобаға дейін 328 аула егістік жер игерілсе, жобадан кейін игерілген жер саны 514-ке жетті.

Құрылған кооперативтің ауыл тұрғындарының үй жанындағы алқаптарын игеруге 4 миллион теңгеге өтінімдер беріліп, 3,6 миллион теңге несие мақұлданды. 121 аулада 1000 түп алма ағашы отырғызылды.

Екінші бағыт – ауладағы мал шаруашылығын дамыту бойынша жобаға дейін 492 аула мал шаруашылығымен айналысса, жобадан кейін 514 аула осы шаруашылықпен айналысып, кәсіптерін жүргізуде. Бүгінде жалпы ауладағы мал басының саны 10101-ден 12 270 басқа жетіп отыр.

Ал, ауыл сыртындағы егістік жерлерді игеру бойынша құрылған кооперативте 248,3 гектар егістік, 18,9 гектар жайылымдық жер бар. Егіс көлемі 558 гектарға ұлғайған.

Бұл бағытта кооператив 23,8 миллион теңгеге өз қаражаты есебінен 45 тонна тұқым, 20 тонна тыңайтқыш, 35 тонна жанар-жағармай сатып алды. Бүгінгі таңда 230 гектардан астам жер жыртылып, тұқым себілді.

Құрылған кооперативті жабдықтауға «Тараз микроқаржы» ұйымы арқылы 140,8 миллион теңгеге 20 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынды.

Тұрғындардың өз кәсібін ашу бағытында 40,8 миллион теңгеге 7 азаматтың жобасын іске асыру көзделуде.

Бүгінде «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына өз кәсібін бастауға 18,9 миллион теңгеге 4 өтінім өткізіліп, қаралу үстінде, – деді Жандарбек Бекболатұлы.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында округтегі жеке кәсіпкерлер саны 63-тен 266-ға артқан. Тиісінше жұмыссыздар саны 31 азаматтан 12 азаматқа азайып, қосымша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны өскен. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 12 отбасыдан 6 отбасыға азайып отыр.

Биыл бюджет есебінен Ақтам елді мекеніне 5 миллион 259 мың теңгеге балалар ойын алаңшасы салынып, 6 миллионға жуық теңгеге «Жасыл белдеу» жобасы аясында қоршау жұмыстары, 70 миллион тенгеге 2,5 километр жолды жөндеу, 12 миллион теңгеден астам қаражатқа көшелерді жарықтандыру жұмыстары атқарылған.

Ауылдық округте демеушілер тарапынан 29,8 миллион теңгеге «Ізгілік», «Достық» саябақтары, «Мәңгілік ел» монументі салынып, қолданысқа берілген. «Жомарт түлек» акциясы бойынша ауыл мектебін бітірген түлектер 1 миллион 715 мың теңгеге демеушілік жасаған.

«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша 2020 жылдан бері үш үй пайдалануға берілген. Биыл тағы бір үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

1992 жылы құрылған Жайылма ауылдық округінің құрамында бүгінде Жайылма, Қызылдихан, Маятас және Ақтам ауылдары бар.

Ауылдық округте 3 орта мектеп, 3 кітапхана, 3 мәдениет үйі, 2 медициналық пункт, өнер мектебі, спорт мектебі, дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

 

Назерке СӘНДІБЕК.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support